Өзбекстан республикасы жоғары және орта арнаулы білім беру уәзірлігі
Аномалды (кемтар) балалар және оларға жалпы сипаттама
Download 1.31 Mb.
|
Педагогика - учебное пособие
- Bu sahifa navigatsiya:
- «Норма»
- М.А.Власова және М.С.Певзнер
- В.С.Рахманова
5.1.2. Аномалды (кемтар) балалар және оларға жалпы сипаттама.
Шет елдік және отандық зертеушілердің жүргізген зерттеу жұмыстары-ның көрсетуінше, дамуында кемістігі бар балалардың саны әлемде көп бо-лып, қазіргі күнде одан да көбейіп баруда. Мұның бірқанша себептері бар: кейбір жанұялардағы тұрақсыздық, қалыпты экологиялық және экономика-лық жағдайдың жоқтығы, мектеп және жанұялық тәрбиенің жетіспеуі, сенсор және эмоционал контакттар мен қажеттіліктерді қанағаттандырудың жеткі-ліксіздігі, т.б. Мұдай патологиялық факторлар әртүрлі ауруларға және да-муының ауытқуына соқтырады. Дамуында ауытқу туралы мәселелер тек жеке адам дамуының нормал параметрлері туралы білімдер конекстінде зерттеледі. «Норма» түсінігінің негізгі мәні – бұл белгіленген мөлшер, бір нәрсенің орта шамасы. «Аномалия» түсінігі грек тілінен аударғанда нормадан, жалпы заңды-лықтардан ауытқу, дамуының дұрыс еместігін білдіреді. Дамуында проблемалары болған балаларда дене немесе психикалық кемшіліктер болып, олар балалардың жалпы дамуында ауытқулардың пайда болуына себеп болады. Дефектің сипатына, оның пайда болу ерекшеліктері-не қарай кейбір кемшіліктерді толық жою, кейбірін түзету, үшінші түрлерінің орнын толтыру мүмкін. Аномалды баланың дамуында оны оқыту және тәр-биелеу негізгі проблема саналады. Қазіргі күнде дамуындағы ауытқулардың классификациясы бойынша тұтас принцип бар деп айтуға болмайды. М.А.Власова және М.С.Певзнер аномалды балалардың мынадай топтарын көрсетеді: сенсорлық қасиеті толық емес балалар, (есту, көру, сөйлеу, тірек-қи-мыл аппаратының функциясы және сеномотрикасы бұзылған); психикалық дамуы артта қалған балалар; астеникалық яки реактивтік жағдайдағы және конфликті әсерленуші-лікке ие балалар; психопатикалық мінез-құлықты балалар (құлықтық-эмоционалдық бұзылу); ақыл-ойы кеміс балалар (дебилдік, имбецилдік, идиоттық дәрежесін-дегі олигофрендер); психикалық кеселдіктің бастапқы көрінісі бар балалар (шизофрения, эпилепсия, истерия, т.б.). О.Н.Усанова аномалды балалардың мынадай классификациясын ұсынады: органикалық бұзылулар нәтижесінде дамуында кемістігі болған бала-лар; функционалдық жақтан жетілмеудің нәтижесінде дамуында кемістігі болған балалар; психикалық депривациялар себебімен дамуында кемістігі болған балалар. Өзбекстандық дефектолог В.С.Рахманова дамуында кемістігі бар бала-лардың мынадай классификациясын ұсынады: интеллектуалдық жағынан бұзылған балалар (ақыл-ойы кеміс және психикалық дамудан артта қалған балалар); сөйлеуі бұзылған балалар; сенсорлық жағынан бұзылған балалар (көру және есту қабілеттері бұзылған). тірек-қимыл аппараты бұзылған балалар; дамуында комплекс дефектері болған балалар. Download 1.31 Mb. Do'stlaringiz bilan baham: |
Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling
ma'muriyatiga murojaat qiling