Өзбекстан республикасы жоғары және орта арнаулы білім беру уәзірлігі


Download 1.31 Mb.
bet2/151
Sana16.01.2023
Hajmi1.31 Mb.
#1095021
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   151
Bog'liq
Педагогика - учебное пособие

I БӨЛІМ
ПЕДАГОГИКА ТЕОРИЯСЫ
1-тарау. Педагогиканың жалпы негіздері.


1.1. Өзбекстан Республикасында бiлім беру системасы. Кадрларды даярлаудың ұлттық моделі.
1.1.1. Өзбекстан Республикасында бiлiм беру саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі принциптері.
Өзбекстан Республикасының «Бiлiм беру туралы» Заңында (1997) бiлiм беру саласындағы мемлекеттік саясат принциптерін былайша белгілейдi:
- оқыту мен тәрбиенің гуманистiк, демократиялық сипатта болуы;
- бiлім берудің үздiксiздiгi және бiрiздiлігi;
- жалпы орта, сондай-ақ орта арнаулы, кәсіптік білімнің мiндеттілігi;
- орта арнаулы, кәсіптік білімнің бағытын академиялық лицейде яки кә-сіптік коллежде таңдаудың ерекшелiгі;
- білiм беру системасының зиялылық сипаты;
- бiлiм берудің мемлекеттік стандарты шегінде білім алудың жалпыға ашықтығы;
- білiм беру программаларын таңдаудың бipлігі және дифференциялы-лығы;
- бiлiмділiктi және дарындылықты көтермелеу;
- білім беру системасында мемлекеттiк және қоғамдық басқаруды үйлес-тіру.
Өзбекстан Республикасының «Бiлiм беру туралы» Заңының 3-бабында бiлiм беру саласындағы мемлекеттік саясаттың басты принципі оқыту мен тәрбиенің гуманистiк, демократиялық сипатта болуы деп көрсетілген. Оқыту мен тәрбиенің гуманистік сипаты жеке адамды интеллектуал және ру-хани-адамгершілік жағынан тәрбиелеумен байланысты болған үздіксіз білім беру арқылы жан-жақты жетілген азаматты қалыптастыруды мақсат етеді.
Оқытудың гуманистік сипатта болуы жеке адамның творчестволық қабілеттерін көрсетуге жағдай жаратады. Оқыту процесінде оның рухани қа-жеттіліктері, талап-тілектері, қызығулары есепке алынуын, жеке адамға құр-метпен қарауды көрсетеді.
Оқыту мен тәрбиені демократиялаудың мазмұны оқыту мен тәрбиенің барша үшін ашық екенін, оқыту формалары мен методтарының әртүрлілігін, ұлттық және аймақтық ерекшеліктердің есепке алынуын, баршаның және әр-кімнің мәдени жағынан биік нәтижелерге жетуін қамтамасыз етеді. Бұл прин-цип оқушылардың қалауымен сабақ кестесіне қосымша пәнедерді енгізуін, жоғары кластарда кейбір пәндерді тереңдетіп оқытуын, факультатив сабақ-тардың көлемін кеңейтуін, түрлі бағыттағы үйірмелер ашуын сабақтардың жеке және топтық негізде өткізуін қамтамасыз етеді.

Download 1.31 Mb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   151




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling