Өзбекстан республикасы жоғары және орта арнаулы білім беру уәзірлігі


Download 1.31 Mb.
bet7/151
Sana16.01.2023
Hajmi1.31 Mb.
#1095021
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   151
Bog'liq
Педагогика - учебное пособие

Жалпы орта білім беру оқушылардың жүйелі білім алуын, оларда бі-лімді меңгеру қажеттіліктерін, негізгі оқу – ғылыми және жалпы мәдени бі-лімдерді, ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарға негізделген рухани-моралдық қасиеттерді, еңбек дағдыларын, творчестволық пікірлеу мен айна-ла-мұхитқа саналы қатынаста болуды және мамандық таңдауды қалыптасты-рады.
Жалпы орта білім беру аяқталғаннан соң үкімет бекіткен үлгідегі аттес-тат беріледі.
Жалпы орта білім беру мектепте жүзеге асырылады. Мектеп оқушылар-ға 1-9 кластар көлемінде білім берудің мемлекеттік стандарты шеңберінде пән негіздерінен жалпы орта білім беретін күндізгі міндетті оқу орны болып саналады.
Жалпы орта білім негізінде оқу мерзімі 3 жыл болған міндетті орта ар-наулы, кәсіптік білім беру үздіксіз білім беру системасындағы дербес түр болып саналады. Орта арнаулы, кәсіптік білім беру академиялық лицейлерде яки кәсіптік коллеждерде жүзеге асырылады. Оқу бағытын оқушылар ерікті түрде таңдайды.
Академиялық лицей білім берудің мемлекеттік стандартына сәйкес ор-та арнаулы білім береді. Оқушылардың қызығулары мен қабілеттері есепке алынған түрде олардың жедел интеллектуал дамуын, тереңдетілген, диффе-ренцяланған, мамандыққа бағытталған білім алуын қамтамасыз етеді.
Кәсіптік коллеждер тиісті мемлекетік білім беру стандарты шеңберінде орта арнаулы, кәсіптік білім береді; оқушылардың кәсіпке бейімділігі, білім мен дағдыларын дамытуға, таңдаған кәсібі бойынша бip яки бірнеше маман-дықты игеріп алуға мүмкіндік береді.
Академиялық лицей мен кәсіптік коллеждің бітірушілеріне мемлекет жа-ғынан бекітілген үлгідегі диплом беріледі. Бұл диплом білім алудың кейінгі сатысында оқуын жалғастыруға яки игерген мамандығы бойынша жұмыс іс-теуге құқық береді.
Жоғары білім беру орта арнаулы, кәсіптік білім негізінде екі басқышта амалға асырылады.
Бакалавриат – мамандықтар бағыты бойынша фундаментал және прак-тикалық білім беретін оқу мерзімі кемінде 4 жыл болған тірек жоғары білім.
Оқу аяқталғаннан соң бітірушілерге «бакалавр» дәрежесі және үкімет бекіткен үлгідегі кәсібі бойынша шұғылдану құқықын беретін диплом тапсы-рылады.
Магистратура – анық мамандық бойынша фундаментал және практи-калық білім беретін, бакалавриат негізінде оқу мерзімі кемінде 2 жыл болған жоғары білім.
Бітірушілер «магистр» дәрежесін беретін мемлекеттiк аттестациядан өт-кеннен кейін, оларға үкімет бекiткен үлгідегі, кәсіппен шұғылдануға құқық беретін диплом тапсырылады.

Download 1.31 Mb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   151




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling