Білiм беру программаларын таңдаудың бipлігі және дифференция-лылығы Өзбекстан Республикасының «Бiлiм беру туралы» Заңының 7-ба-бында белгіленген. Мелекеттік білім беру стандарттары жалпы орта, орта ар-наулы кәсіптік және жоғары білім беру мазмұны мен сапасына қойылатын та-лаптарды белгілеп береді.
Мелекеттік білім беру стандарттарын орындау Өзбекстан Республикасы-ның барлық оқу орындары үшін міндетті. Бұның мағынасы сол, әрбір білім беру түрі бойынша жеке мелекеттік білім беру стандарттары істелінеді, оның талаптарына бойұсыну осы басқыштағы оқу орындарына бірдей талап етіле-ді. Бірақ мелекеттік білім беру стандарттары негізінде оқу орындары өздері-нің оқу программаларын істеп шығып, одан пайдаланулары мүмкін. Бұл білім алу бірдей болғанымен, оған жету жолдары түрліше болуын көрсетеді.
Бiлiмділiктi және дарындылықты көтермелеу принципі үздіксіз білім берудің барлық басқыштарында толығымен амалға асырылады. Білім алушы-лардың дарыны мен қабілеті мемлекет тарабынан материалдық және рухани тұрғыдан марапатталып барылады.
Өзбекстан Республикасы Уәзірлер Мекемесінің 1993 жылы 25-мартта қа-былдаған «Өзбекстан оқушы-жастарын марапаттау және материалық көтерме-леу туралы» қаулысы осы принциптің құқықтық жағынан кепілдігін қамтама-сыз етеді.
Білім беру системасында мемлекеттiк және қоғамдық басқаруды үй-лестіру принципі білім беруді ұйымдастыру және оның сапасын жетілдіруде мемлекет пен қоғамның оқу орындарын басқарудағы ынтымақтастығын на-зарда ұстайды. Білім беру системасында мемлекет пен қоғамның басқаруы оқыту сапасын жетілдіруге негіз қалайды.
1.1.2. Өзбекстан Республикасының «Білім беру туралы» Заңы.
Өзбекстан Республикасы 1991 жылы тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейін ең алдымен білім беру системасын түбірімен қайта құру мәселесін қа-растырды. Осы мақсатта 1992 жылы Өзбекстан Республикасының «Білім беру туралы» Заңы қабылданды. 1997 жылы жинақталған тәжірибелерді үй-реніп, қорытынды жасап, тәуелсіз мемлекеттің мүмкіндіктері ескеріліп, Өз-бекстан Республикасы Олий Мажлиснiң 1997 жылы, 29-августе болып өткен IX сессиясында жаңадан «Білім беру туралы» Заң қабылданды.
Өзбекстан Республикасының «Білім беру туралы» Заңы (1997 ж.) 5 бө-лім, 34 статьядан тұрады. Заңның бастапқы «Жалпы ережелер» бөлімінде заңның мақсаты, бiлiм беру саласындағы мемлекеттік саясат принциптері, білім алу құқықы, педагогтық қызметпен шұғылдану құқықы, оқу орындары-ның құқықтық статусы, мемлекеттік білім беру стандарты және білім беру тілі ашып берілген. 2-бөлімінде Өзбекстан Республикасында білім беру систе-масы мен түрлері көрсетілген. «Білім беру процесіне қатысушыларды әлеу-меттік қорғау» атты 3-бөлімінде білім алушыларды және білім беру меке-мелерінің қызметкерлерін әлеуметтік қорғау, жетім балалар мен ата-аналары-ның яки басқа заңды уәкілдердің қорғауынсыз қалған балаларды оқыту, дене және рухани дамуында кемістігі болған балалар мен жас өспірімдерді оқыту, әлеуметтік көмекке және реабилитацияға мұқтаж болған жеке адамдар үшін оқу-тәрбие мекемелері мәселелері баяндалған. «Білім беру системасын бас-қару» бөлімінде Өзбекстан Республикасы Уәзірлер Мекемесінің білім беру саласындағы өкілеттіктері, білім беруді басқару бойынша өкілетті мемлекет-тік органдардың құқықтары, жергілікті мемлекеттік әкімдіктердің білім беру саласындағы өкілеттіктері, білім беру мекемелерін басқару, білім беру сала-сындағы мемлекеттік басқару органдары мен мемлекеттік болмаған білім беру мекемелері арасындағы өзара қатынастар қандай болуы көрсетілген. Соңғы 5-бөлімінде қорытынды ережелер берілген. Онда ата-аналар яки заңды өкіл-дердің міндеттері, білім беруді қаржыландыру, білім беруді дамыту фондта-ры, халықаралық байланыс, білім беру туралы заң құжаттарын бұзғандығы үшін жауапкершілік мәселелері қарастырылған.
Өзбекстан Республикасында білім беру осы «Білім беру туралы» Заңға негізделіп амалға асырылады.
Do'stlaringiz bilan baham: |