Өзбекстан республикасы жоғары және орта арнаулы білім беру уәзірлігі
Өзбекстан Республикасында кадрларды даярлау системасы
Download 1.31 Mb.
|
Педагогика - учебное пособие
- Bu sahifa navigatsiya:
- Мемлекет және қоғам
- Yздiксiз бiлiм
1.1.3. Өзбекстан Республикасында кадрларды даярлау системасы.
Өзбекстан Республикасы Президенті И.А. Каримов Олий Мажлистiң IX сессиясында (1997ж) сөйлеген сөзiнде қоғамымыздың жаңаруы, тұрмысымыз-дың жақсаруы, елiмiздiң өркендеуi, реформаларымыздың орындалуы – бар-лығы заман талаптарына жауап беретiн жоғары бiлiмдi, бiлiктi маман кадр-ларды даярлаумен байланысты екенiн ашып бередi. Мiне, осы мақсатта «Кадрларды даярлаудың ұлттық программасы» Өз -бекстан Республикасы Олий Мажлисiнiң 1-шақырылған IX сессиясында (1997 ж.) қабылданды. Программада кадрлар даярлаудың ұлттық моделiн белгiлеуде адам фак- торына аса мән бередi. Жеке адам кадрлар даярлау системасының бас субъ- ектi ретiнде қаралады. Жан-жақты творчестволық жетiлген жеке адамды қа- лыптастырудың кепілі үздiксiз бiлiм, ғылым, мемлекет және қоғам екенi ашық көрсетiлген. Сонымен, республикамызда жаратылған кадрлар даярлаудың ұлттық моделi мына компоненттерден тұрады. Жеке адам – кадрлар даярлау системасының бас субъектi мен объектi, бiлiм саласындағы қызметтердiң тұтынушысы және оны iстеп шығарушы. Бұл – әрбiр азаматтың конституциялық құқықтарының орындалуы болып табылмақ. «Бiлiм беру туралы» Заң бойынша мемлекеттiк стандарт дәрежесiнде жалпы орта және орта арнаулы, кәсiптiк бiлiм алу, білім беру түрлерiн таң-дау, алған бiлiмi бойынша түрлi салаларда қызмет ету және өз тәжiрибесiн үйретудi өз iшiне алады. Мемлекет және қоғам – бiлiм беру және кадрлар даярлау системасы-ның қызметiн тәртiпке салу және бақылауды жүзеге асырушы кадрлар даяр-лау және оларды қабылдап алудың кепiлi. Мемлекет және қоғам жоғары білікті бәсекеге қабілетті кадрлар даярлау бойынша оқу орындарының қызметiн үйлестiрiп отырады және азаматтардың бiлiм алуына, оларды әлеуметтiк тұрғыдан қорғауға кепiлдiк бередi. Yздiксiз бiлiм – жоғары білікті кадрлар даярлаудың негiзi болып, бiлiм-нiң барлық түрлерiн, мемлекеттiк бiлiм стандарттарын, кадрлар даярлау системасының құрылымы мен оның қызмет етуiн өз iшiне алады. Үздiксiз бiлiм мынадай бiлiм түрлерiн қамтиды: мектепке дейiнгi бiлiм; жалпы орта бiлiм; орта арнаулы, кәсiптiк бiлiм; жоғары бiлiм; жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм; кадрлардың бiлiктілігiн арттыру және оларды қайта даярлау; мектептен тыс бiлiм. Тоғыз жылдық жалпы орта және үш жылдық орта арнаулы, кәсiптiк бi-лiм мiндеттi болып саналады. Жалпы бiлiм программасы: мектепке дейiнгi білім, бастауыш бiлiм (I-IV сыныптар), жалпы орта бiлiм (I-IX сыныптар), орта арнаулы, кәсiптiк бiлiм. Кәсiптiк бiлiм программасы: орта арнаулы, кәсiптiк бiлiм, жоғары (бака-лавриат, магистратура) бiлiм, жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм, кадрлардың бiлiктілігiн жетiлдiру және оларды қайта даярлау. Ғылым – табиғат және қоғам дамуы туралы және фундаментал және қолданбалы ғылымдарды қалыптастырушы, жоғары білікті кадрлар даярлау-шы және олардан пайдаланушы, озат педагогикалық және ақпарат техноло-гияларын iстеп шығарушы. Өндiрiс – кадрларға болған сұранысты, сондай-ақ олардың дайындық, сапасы мен дәрежесiне қойылатын талаптарды белгiлейтiн негiзгi заказ бе-рушi, кадрлар даярлау системасын қаржы және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ететiн процестiң қатысушысы. Кадрларды даярлаудың ұлттық программасы жан-жақты жетiлген, бi-лiмдi, парасатты, өнегелi, қазiргi заман талабына жауап бере алатын азаматты тәрбиелеудi және жоғары дәрежелi білікті кадрларды даярлауды өз ішінде қамтыған. Download 1.31 Mb. Do'stlaringiz bilan baham: |
Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling
ma'muriyatiga murojaat qiling