Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жоғары біліктi кадрлар: ғы-лым кандидаттары мен докторларын, доценттер мен профессорларды даяр-лайды және қоғамның ғылыми, ғылыми-педагогикалық кадрларға деген қа-жеттілігін қанағаттандырады.
Жоғары оқу орнынан кейінгі бiлімдi жоғары оқу орындарында және ғы-лыми-зерттеу мекемелерінде алу мүмкін. Бұл білім алу басқышы диссерта-ция қорғаумен аяқталады. Қорытынды мемлекеттік аттестация нәтижелерiне қарай тиісті болған ғылым кандидаты және ғылым докторы ғылыми дәрежесі беріліп, үкімет бекіткен үлгідегі диплом тапсырылады.
Кадрлардың біліктілігiн арттыру және оларды қайта даярлау ма-мандардың кәсіптiк бiлімдepi мен дағдыларын жаңарту және тереңдетуге қа-ратылған. Кадрлар білiктілігін арттыру және оларды қайта даярлау оқу орын-дарындағы оқу нәтижелеріне қарай үкімет бекiткен үлгідегі куәлiк яки сер-тификат тапсырылады.
Мектептен тыс білім беру балалар және жас өспірімдердің жеке қа-жеттіліктерін қанағаттандыру, олардың бос уақыты мен дем алуын ұйымдас-тыру үшін мәдени-эстетикалық, ғылыми, техникалық, спорт және басқа ба-ғыттардағы мектептен тыс білім мекемелерінде беріледі.
Бақылау сұрақтары:
1. Білім беру саласындағы мемлекеттік саясат принциптерін ашып бер.
2. Өзбекстан Республикасының «Білім беру туралы» Заңына сипаттама бер.
3. «Кадрларды даярлау ұлттық программасының басты идесы қандай?
4. Кадрларды даярлау ұлттық моделінің негізгі компоненттеріне сипаттама бер.
5. Білім беру системасы дегенiмiз не?
6. Өзбекстан Республикасындағы білім беру түрлеріне сипаттама бер.
7. Мектеп, академиялық лицей, кәсіптік коллеждердің функцияларын айт.
8. Жоғары білім беру қалай жүзеге асырылады?
9. Кадрлардың біліктілігiн арттыру және оларды қайта даярлаудан мақсат не?
10. Мектептен тыс білім беру қай жерде амалға асырылады?
1.2. Қазіргі заманда педагогтық мамандық және оның қоғамдағы орны.
1.2.1. Педагогтық мамандықтың мәні.
Педагогтық мамандық адамзаттың даму тарихымен тығыз байланысты. Адамзаттың басқа тіршілік иелерінен айырмашылық жасап, саналы өмір сүруіне дәл осы педагогтық мамандық ықпал етті. Өзінің кәсібін жақсы біліп, оны өзінен кейінгі жас ұрпаққа үйреткен мамандар, айнала-төңірек туралы ілімді оқытқан оқытушылар қоғамның өркендеуін, адамзаттың жоғары дәрежедегі саналы болуын қамтамасыз етті. Сондықтанда, педагогтық маман-дық адамзат пайда болып, тәрбие жұмысымен айналыса бастаған дәуiрлерден құрметтелiнiп келедi.
Педагог – бұл оқыту және тәрбиелеу жұмыстарымен шұғылданатын тұл-ға болып, оған мектеп оқытушысы, мектепке дейінгі тәрбие мекемелерінің, балалар үйінің, мектеп-интернаттардың, тәрбие колонияларының тәрбиешісі, мектептен тыс білім беру мекемелерінің қызметкерлері, орта арнаулы, кәсіптік білім беру және жоғары білім беру мекемелерінің оқытушылары жатады. Сондай-ақ, педагогика және педагогикалық психология проблемаларымен шұғылданушы ғылыми қызметкерлер де педагог деп аталады.
Педагогтар екі түрлі болады:
Do'stlaringiz bilan baham: |