1.1.4. Өзбекстан Республикасында білім беру системасы және оған сипаттама.
Білім беру системасы деп жас ұрпақты оқытып, білiм беріп, өмірге, ең-бекке даярлайтын оқу-тәрбие мекемелерінің жиынтығына айтады.
Кез-келген мемлекеттің оқу-ағарту системасы сол мемлекеттің саясаты, ұлттық ерекшелігі, дәстүрі, экономикалық және мәдени-ғылыми даму дәре-жесіне сәйкес құралады.
Өзбекстан Республикасының бiлiм беру системасы білім берудің мем-лекетік стандартына сәйкес бiлiм беруді жүзеге асыратын мемлекеттiк және мемлекеттік болмаған оқу орындарын, зерттеу жұмыстарын жүргізетiн ғылы-ми-педагогикалық оқу орындарын, бiлiм беру саласындағы мемлекеттік бас-қару органдарын, сондай-ақ олардың қарамағындағы өндіріс орындары, ме-кемелер және ұйымдарды өз iшiне алады.
Өзбекстан Республикасында білім беру системасы бiрлiкте және бiрiзді-лікте болады.
Өзбекстан Республикасында бiлiм беру төмендегі түрлерде жүзеге асы-рылады:
- мектепке дейiнгi білім беру;
- жалпы орта білім беру;
- орта арнаулы, кәсіптiк білім беру;
- жоғары бiлiм беру;
- жоғары оқу орнынан кейінгі бiлiм (аспирантура, доктарантура т.б.)беру;
- кадрлардың біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау;
- мектептен тыс білім беру.
Мектепке дейінгі білім беру баланың жеке басын сау-саламат, жан-жақты жетілген етіп қалыптастыруды қамтамасыз етеді, оның оқуға қызы-ғуын оятады, оны білім алуға дайындайды. Мектепке дейінгі білім беру мем-лекеттік және мемлекеттік болмаған балалар бақшаларында және семьяда жүзеге асырылады.
Жалпы орта білім беру екі сатыда жүзеге асырылады:
1) бастауыш білім беру (I-IV кластар);
2) жалпы орта білім беру (I-IX кластар).
Тоғыз жылдық оқудан тұратын жалпы орта білім алу міндетті болып саналады.
Бастауыш білім беру оқу, жазу, есеп бойынша бастапқы білім мен іс-керліктерді, теориялық ойлаудың элементтерін, сөйлеу, мінез-құлық мәде-ниеті негіздерін қалыптастырады, жеке гигиена және салауатты өмір сүруді қамтамасыз етуге негіз жаратады.
Do'stlaringiz bilan baham: |