Өзбекстан республикасы жоғары және орта арнаулы білім беру уәзірлігі


Пегагогика ғылымының салалары және оның басқа ғылымдармен байланысы


Download 1.31 Mb.
bet14/151
Sana16.01.2023
Hajmi1.31 Mb.
#1095021
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   151
Bog'liq
Педагогика - учебное пособие

1.3.3. Пегагогика ғылымының салалары және оның басқа ғылымдармен байланысы.
Педагогика ғылымы даму барысында күрделеніп, салаларға бөлiнді: тәрбие теориясы, дидактика, мектепке дейінгі педагогика, мектеп педагоги-касы, педагогика тарихы, дефектология, әскери педагогика, жоғары мектеп педагогикасы, жеке пәндердi оқыту методикасы т.б.
Мектепке дейiнгi педагогика мектеп жасына дейiнгi балалар тәрбиесін зерттейдi
Мектеп педагогикасы оқушыларды тәрбиелеу мен оқытудың мақсат-тары, міндеттері, принциптерi, түрлері, мазмұны және методтарын зерттейді.
Педагогика тарихы тәрбиенің, оқытудың, оқытуды ұйымдастыратын мекемелердің, педагогикалық ой-пiкiрлердің пайда болуы мен дамуын зерт-тейді.
Дефектология ақыл-ойында, дене мүшесiнде кемістігі бар балаларды тәрбиелеу мен оқыту мәселелерін зерттейдi.
Басқаларының да арнайы зерттейтiн, қарастыратын, шешетiн әртүрлі проблемалары бар.
Педагогика өзінің нақтылы проблемаларын шешу үшін бірнеше қоғам-дық-әлеуметтік ғылым салаларымен байланысады.
Педагогика табиғат пен қоғам дамуының жалпы заңдылықтарын танып білу үшін философиямен байланысады.
Жеке адамды қалыптастыру үшін адам психикасының даму заңдылық-тарын зерттейтін психология ғылымына сүйенiп зерттеу алып барады.
Өсіп келе жатқан жас ұрпақтың анатомиялық-физиологиялық ерекше-лiктерiн білмей тұрып, тәрбие жұмысымен шұғылдану мүмкін емес. Сондық-тан да педагогика физиологиямен байланыста дамиды.
Баланың денсаулығын сақтау, нығайту және дамыту үшін мектеп гигие-насынан хабардар болу керек.
Сонымен бірге, педагогика социология, халық педагогикасы, киберне-тика, тарих, экономика сияқты ғылымдармен де тығыз байланысты дамиды


1.3.4. Ғылыми-педагогикалық зерттеу әдістеріне сипаттама.
Педагогика – үнемі дамып отыратын ғылым. Халық ағарту жүйесі тәр-бие мен білім берудің бapлық салаларына ғылыми болжам жасау мақсатында және негізгі проблемаларды ғылыми-теориялық, практикалық жағынан терең талдау үшін педагогика ғылымында мынадай зерттеу әдістерінің жүйeci қолданылады:

Download 1.31 Mb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   151




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling