Бақылау сұрақтары:
1. Педагог кім? Оның міндеттері қандай?
2. Педагогикалық мамандыққа қойылатын талаптар қандай?
3. Mұғалімдік мамандықты таңдау үшін жеке адамда қандай қасиеттер болуы керек?
4. Педагогикалық қызметтің сипаттамасын айт.
5. Педагогикалық қабілет дегенiмiз не?
6. Педагогикалық шеберлiк қалай пайда болады?
7. «Мен таңдаған мамандық» деген тақырыпта шығарма жаз.
1.3. Педагогика ғылым ретінде. Педагогиканың ғылыми-зерттеу методтары.
1.3.1. Педагогика пәні және оның негізгі ұғымдары.
«Тәрбие кең мағынасында алғанда, қандайда бір жан иесіне көмек көр-сету деген сөз. Ал енді, адамзат туралы айтқанда, адамның баласын кәміл жасқа толып, өзіне-өзі қожа болғанша, тиісті азық беріп, өcipy деген мағына-да жүргізіледі», – дейді. М.Жұмабаев.
Міне осы, адам баласына берілетін тәрбие туралы ғылым педагогика деп аталады. «Педагогика» – грек сөзі. Paida – бала, gogike – жетектеу. Ежелгі Грецияда баланы жетектеп, мектепке апаратын құлдарды педагог деген.
Педагогика ғылымына берілетін анықтамалар әртүрлі. Мысалы: «Педаго-гика ғылымы – бұл тәрбиелік іс-әрекет», «Педагогика ғылымы – бұл адамның адамды тәрбиелеуі», «Педагогика ғылымы – бұл арнайы ұйымдастырылған әлеуметтік сала». Бұл анықтамалар бірі-бірінен айырмашылық жасаса да, бірақ бір-бірінен алшақ жатқан жоқ. Eң негізгісі, педагогика – адам тәрбиесі туралы ғылым екені анық.
Педагогика – жас ұрпақ пен ересектерге жан-жақты тәрбие беру, білім беру, оқыту заңдылықтарын айқындайтын ғылым. Бұл анықтама педагогиканың объекті педагогикалық құбылыс болатынын көрсетеді. Ұзақ жылдар педагогиканың объекті бала деп ұқтырылып келінді. Адамның педа-гогикалық құбылыс барысында дамып, жеке тұлға ретінде қалыптасатынын ескерсек, педагогиканың объекті заңды түрде тұтас педагогикалық процесс болады.
Ал педагогиканың предметі адамның тәрбиесі, білім алуы, оқуы, әлеу-меттенуі және өзін-өзі творчестволық дамытуы болып саналады.
Педагогиканың негізгі ұғымдары (категориялары) білім беру, оқыту, тәрбие болып есептелінеді.
Білім беру – бұл ғылымдар жүйесінен білім алу және танымдық іскерлік пен дағдыны қалыптастыру, оның негізінде жеке бастың көзқарасын, адам-гершілік тағы басқа қасиеттерді қалыптастыру, адамның творчестволық күші мен қабілетін дамыту.
Білім беру – оқыту мен тәрбие жұмысын біріктіретін және жеке бастың дамуына ықпал жасайтын процесс.
Оқыту – бұл оқушы мен мұғалімнің мақсатты түрде өзара әрекет жасау процесі. Бұл процестің барысында білім беру, тәрбие беру және адамның да-муы, оның білім алуы жүзеге асырылады. Бұл білім, іскерлік, дағдыларды ба-ланың бойына сіңіру арқалы жүзеге асады.
Тәрбие – а) жас ұрпақтың рухани күштерін дамыту; ә) ғылыми-материа-листік дүниетануды қалыптастыру, қоғамға сай ережелерді меңгеру; б) қоғам өмірінe, қоғамдық өндірістің белгілі саласына қатысуға дайындығы болу міндеттерін қамтиды.
Педагогиканың анықтамасы құрамына «тәрбие», «білім беру», «оқыту» ұғымдарымен қатар «өздігінен білім алу», «өзін-өзі тәрбиелеу», «қайта тәр-биелеу» ұғымдары да жатады.
Do'stlaringiz bilan baham: |