1. Педагогикалық бақылау. Бұл белгілі бір құбылысты ұзақ және жос-парлы түрде зерттеудің таным әдісі. Бақылау жеке оқушыны яки оқушылар коллективін үйрену үшін қолданылады.
2. Әңгімелесу әдісі. Педагогикалық құбылыстарды aнықтay үшін әңгіме мектеп басшыларымен, оқытушылармен, оқушылармен, ата-аналармен т.б. жүргізіледі.
3. Мектеп құжжаттарын зерттеу. Бұл әдіс оқушының жеке іс-қағазда-рын, медициналық карталарын, класс журналдарын, оқушы күнделіктерін, жиналыс қаулыларын оқып-үйрену үшін қолданылады.
4. Интервью алу. Әңгімелесу әдісі сияқты. Бipaқ мұнда алдын ала сұ-рақтар дайындалады. Жауаптар жазып алынады.
5. Анкета. Зерттеліп отырған проблемаға байланысты көпшілік пікірін білу және салыстыру үшін қажет.
6. Педагогикалық эксперимент. «Эксперимент» латынша сөз болып, «сынап көру», «тәжірибе жасап көру» мағынасын береді. Эксперимент ғылы-ми болжамдарды іске асыру процесін тексеру, анықтау мақсатында қолданы-лады.
7. Кибернетикалық және математикалық әдіс. Бұл әр түрлі педагоги-калық құбылыстардың өзара сандық байланыстарын, өлшемін, сапалық ерек-шеліктерін айқындау үшін қажет.
Бұлардан басқа озат педагогикалық тәжірибелерді жинақтау да зерт-теу жұмысының әдістеріне жатады. Ғылыми-педагогикалық зерттеу әдістерін білу әрбір творчестволық жұмыс істейтін мұғалімге қажет.
Бақылау сұрақтары:
1. Педагогика қандай мәселелерді қарастырады?
2. Педагогиканың объекті мен предметі қандай?
3. Педагогиканың негізгі ұғымдары қандай?
4. Оқыту дегеніміз не?
5. Тәрбие дегеніміз не?
6. Білім беру дегеніміз не?
7. Педагогиканың ғылым ретінде пайда болуын сипаттап бер..
5. Педагогика ғылымының қандай салалары бар?.
6. Педагогиканың басқа ғылымдармен байланысуының себебін түсіндір.
7. Педагогикалық мәселелерді шешуде қандай ғылыми-зерттеу әдістері
қолданылады?
1.4. Оқушының дамуы, тәрбиесі және әлеуметтенуі.
Do'stlaringiz bilan baham: |