Өзбекстан республикасы жоғары және орта арнаулы білім беру уәзірлігі


Download 1.31 Mb.
bet23/151
Sana16.01.2023
Hajmi1.31 Mb.
#1095021
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   151
Bog'liq
Педагогика - учебное пособие

Бақылау сұрақтары:
1. Біртұтac педагогикалық процесс дегенiмiз не?
2. Педагогикалық процестің құрылымы қандай?
3. Педагогикалық процестің функцияларын айт.
4. Педагогикалық процесс заңдылықтары қандай?
5. Педагогикалық процестің принциптерін айт.
6. Педагогикалық процестің дайындық этапында қандай міндеттер шешіледі?
7. Педагогикалық процестің негізгі этапында қандай міндеттер шеші-леді?
8. Педагогикалық процестің қорытынды этапында қандай міндеттер шешіледі?


2-тарау. ОҚЫТУ ТЕОРИЯСЫ


2.1. Дидактика педагогикалық теория ретінде. Оқыту процесі.
2.1.1. Дидактика пәнi және оның мiндеттерi.
Оқыту – таным әрекетінің ерекше түрі және білім берудің негізгі жолы. Оқытуда баланың таным қабілеті дамып, білімдi, дағдыны, iскерлiктi игереді
«Оқыту» түсінiгi ежелгі және орта ғасырлық ойшылдардың шығармала-рында біржақтама түсіндірілген, яғни оқытушының оқыту қызметi ретінде. Ал біздің ғасырымыздың басынан «оқыту» бірін-бірі толықтыратын екі ком-понент – оқыту және оқу ретінде түсінілетін болды. Оқыту – оқушыларды біліммен, іскерлікпен, дағдымен қаруландыратын, олардың таным және твор-честволық қабілеттерін дамытатын мұғалімнің қызметі. Ал оқу – мұғалімнің жетекшілігімен орындалатын, үйретілген білімдерді меңгеру бойынша оқу-шылардың саналы қызметі.
Қазіргі заманда оқыту процесінің анықтамасына талап күшейді. Жоғары-да келтірілген оқыту процесінің анықтамасы жеткілікті болмай қалды. Себебі мектеп оқушыларды жан-жақты ойлауға, дамуға үйрету керек. (Мектеп де-генде Өзбекстандағы барлық орта және орта арнаулы оқу орындары түсіні-леді).
Қазіргі дәуірдегі түсінік бойынша оқыту мынадай белгілермен сипатта-лады: 1) екі жақтылық сипаты; 2) оқытушы мен оқушының өзара бірлескен қызметі; 3) оқытушылар тарапынан жетекшілік ету; 4) арнайы жоспарлы ұйымдастыру және жетекшілік ету; 5) тұтастығы және біpлігi; 6) оқушылар-дың жастық даму заңдылықтарына сәйкес болуы; 7) оқушылардың дамуы мен тәрбиесіне басшылық жасау.
Оқыту процесін зерттейтін ғылымды дидактика деп атайды. Дидактика- гректің didaktikos деген сөзінен шыққан, білім беру мен оқытудың теориясы деген мағынаны береді.
Педагогикаға дидактика деген терминді тұңғыш енгізген неміс педагогы Вольфганг Ратке (Ратихия) (1571-1635). Ал дидактиканың берік ғылыми ipгe тасын қалаған чех педагогы Я.А. Коменский болды. XIX ғасырда неміс педа-гогы И.Ф.Гербарт оқудың тәрбиелік теориясы арқылы дидактикаға тұтастық статусын берді. Ратке дәуірінен бастап дидактиканың негізгі зерттейтін мәселесі «неге оқыту?» және «қалай оқыту?» болды. Ал заманауи дидактика ғылымы «қашан оқыту?», «қайда оқыту?», «кімді оқыту?», «не үшін оқыту?» мәселелерін де зерттейді.

Download 1.31 Mb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   151




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling