Өзбекстан республикасы жоғары және орта арнаулы білім беру уәзірлігі
Download 1.31 Mb.
|
Педагогика - учебное пособие
- Bu sahifa navigatsiya:
- 2.1.6. Оқу процесі және оның сипаттамасы. Оқу – бұл тәлім-тәрбие мәселелерін шешуге бағытталған оқушылардың танымдық қызметінің системасы. Оқу процесі білімді меңгеру, іскерлік
Беруни (XI ғасыр) танымды шексіз, үздіксiз процесс деп қарады. Бiз ке-лешекте ақиқат шындықтың белгілі болмаған жақтарын танып білемiз, дейдi Беруни.
Ибн Синоның (XI ғасыр) таным теориясында себеп туралы iлiм маңыз-ды орын иелейдi. Ол себептің сезім арқылы болатын ашық түрін, талдау ар-қылы болатын жасырын түрін көрсетiп берді. Нәрселердi тану үшін алды-мен оның пайда болу себебiн анықтау керек дейдi. Ибн Сино өзiнің гносео-логиялық идеясын дәрігерлік тәжірибесінде кеңінен пайдаланды. Аурулар-дың келіп шығу себебiн анықтап, емдеу жұмысын алып барды. Оқыту процесінің мәнін ғылыми дәлелдеп беруге әрекет еткен ғалым Я.А.Коменский болды. XVII ғасырда өмір сүрген славян педагогы Я.А.Ко-менский оқытудың табиғатқа сәйкестілік идеясын негіздеп берді. Оқыту про-цесі, оның құрылымы, принциптері мен методтары табиғат заңдарына бағы-нышты болуы керек дейді. Советтік педагогика тарихы Коменскийдің мұндай пiкірлерін өзiнен-өзі келіп шығады деп қараған еді. Соңғы кезде оқытудың табиғатқа сәйкестілiгi Коменскийдің педагогикалық қорытындылар системасындағы методология-лық ережелердің бipi, оның дүниетанымы деп қаралуда. Коменскийдің бұл идеясы – Батыс ғалымдарының оқыту процесiнің гносеологиялық негізін ашу, материалдық дүние заңдарының оқу процесіне әсерін көрсету әрекеттерінің бipi болуда. XVIII ғасырда өмір сүрген француз ойшылы Ж.Ж.Руссо оқыту процесі-нің мәнін баланың қоршаған ортасын танып білу табиғатынан алады. Ғалым-ның пікірінше, бала табиғат аясында, ауылда өcyi керек. Ол оқыту баланың танымдық қызметінің ерекшелігіне байланысты болу идеясын көрсетеді. Руссо гносеологиялық тәсіл арқылы оқытудың мәнін дәлелдеуге тырыс-ты. Бұл оған баланың ақыл-ойын дамытудың тиiмдi тәсілдерi мен методта-рын (мысалы география, физика сабақтарында проблемалық ситуациялар орнату) iстеп шығуға жәрдем берді. Оның бұл идеялары қазіргі күнде проб-лемалық сабақты өтуде өте қызығушылықпен қолданылуда. 2.1.6. Оқу процесі және оның сипаттамасы. Оқу – бұл тәлім-тәрбие мәселелерін шешуге бағытталған оқушылардың танымдық қызметінің системасы. Оқу процесі білімді меңгеру, іскерлік жә-не дағды процестерінен құралады. Оқушының оқудағы таным қызметі 4 негізгі бөлімнен тұрады. 1. Оқу материалын қабылдау. Бұл оқушының нақты пайымдауынан басталады. Білімді меңгерудің бұл сатысында адамның естуі де, көpyi де, иіс-кеп білуі де, сипап сезінуі де, дәмді татуы да қатысуы мүмкін. Нақты пайым-даудың алғашқы түрі түйсіктер болып табылады. Түйсік процесінде елес пайда болады. Әртүрлі сезім органдарымен әкелінетін жеке түйсіктер мидың үлкен ми сыңарлары қыртысында синтезделеді, одан алдыңғы деректермен байланы-сып қабылдауға айналады. Қабылдау сол кездің өзінде-ақ заттың бүтіндей бейнесін бередi. 2. Оқу материалын ұғыну (мәнін түсіну). Жаңа материалды игеруде ұғы-ну шешуші роль атқарады. Ұғым арнаулы терминдермен немесе белгілермен орныққан құбылыс яки заттың мазмұны туралы түйінді ойды көрсетеді. Бұл процестің орындалуында ой қызметінің әртүрлі тәсілдері (анализ, синтез, салыстыру) қатыстырылады. Ұғымдардың әсерлік күшін туғызатын басқа логикалық тәсілдердің бipi – ой қорытындысы болып саналады. Ой қорытындысы индукциялық және дедукциялық болып бөлінеді. 1. Индукциялық – жекеден жалпыға, жеке бақылаудан жалпы теориялық қорытындылар мен тұжырымдарға. 2. Дедук-циялық – қорытындыдан фактке, жалпыдан жекеге. Ой қорытындысы заттар мен құбылыстарды классификациялауда және олардың арасындағы заттық байланыстың ерекше себептерін анықтауда қол-данылады. 3. Таным процесінің кейінгі сатысы – оқу материалын бекіту (жаттау, есте сақтау). Оқу материалын қабылдап және ұғынып алғаннан кейін, оны бекіту және жетілдіру талап етіледі. Осы мақсатта қайталау, жаттау, жаттығу орындау қызметі ұйымдастырылады. Танымның бұл сатысында, психологиялық тұрғыдан қарағанда, көптеген танымдық процестер қатысады: түсінік, қабылдау, эмоция, ес және ойлау, тіл-сөз. 4. Білім, дағды және іскерліктерді іс жүзінде қолдану – таным проце-сінің соңғы сатысы. Бұл процесте оқушы өзіне нені, қалай, не үшін және неге істейтінін біледі және түсінеді. Басқаша айтқанда, оған жұмыстың мақсаты белгілі, ол сол жұмысқа қалай кірісу және оны қалай орындау керектігін бі-леді. Бірақ оқушылардың өзіндік әрекеттері біртіндеп және бірізділікпен орындалуы керек. Бұл нақты тапсырмаларды орындаудан толық творчество-лық тәуелсіздік беру жолымен ұйымдастырылуы керек. Ал оқытушы оқушы-лар қызметін бақылап отырады. Оқушылардың білімін, іскерлігін және дағдысын іс жүзінде қолдау үшін арнайы тексеріліп тұрылатын жағдай жасалынады. Тексеру барысында оқу-шылардың меңгерген білім, іскерлік және дағдысын іс жүзінде қолдануы ба-ғаланып барылады. Мектеп оқушыларының танымы мотивтермен қозғалмалы болуға тиіс. Білім алудағы ұнамды мотивтердің болуы оның барысына тиімді жағдай бо-лып табылады. Білім алу үшін оқушының оқуға деген құштарлығы болуы керек. Оқуға деген ынтасы болу үшін, ол білім алу қажеттілігін сезінуі және оқу қызықты болуы керек. Себебі қандай да болсын бір қызметтің негізгі мо-тивтері қажеттілік пен ынталылық болатыны белгілі. Download 1.31 Mb. Do'stlaringiz bilan baham: |
Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling
ma'muriyatiga murojaat qiling