Оқыту процесінің функциялары. Біздің қоғамымыздың мақсаты жан-жақты жетілген адамды тәрбиелеу. Жан-жақты жетілу дегенде адамның жеке басының бiлімділігi, тәрбиелiлігі және жалпы дамуы түсініледі. Осыдан келiп шығып, оқыту процесі білiм беру, тәрбиелеу және дамыту функцияларын жү-зеге асыруы қажет деп табылады.
Білім беру функциясы ғылыми білімдерді меңгеру, арнаулы және жал-пы оқу дағдылары мен iскерлiктерiн қалыптастыруды өз iшiне алады. Ғылы-ми білімдер дегенімiз – фактілер, түсініктер, заңдар, заңдылықтар, теориялар, әлемнің қорытындыланған көрінісi.
Арнаулы іскерлiк пен дағды дегенде сол пәнге тиісті болған іскерлік пен дағдылар түсініледі Мысалы, географияда картамен, компаспен істеуді білу.
Ал жалпы оқу дағдылары мен iскерлiктерi барлық пәндерге тиісті бола-ды. Мысалы, кiтаппен жұмыс iстеу, оқу, жазу дағдылары.
Оқыту процесінің тәрбиелеушілік функциясы дегенде, оқушыларда оқыту арқылы ғылыми көзқарасты, рухани-адамгершілік, еңбек, этикалық көзқарастарды қалыптастыру, қоғамға керек болған қасиеттерді тәрбиелеу түсініледi. Сондай-ақ, қазіргі күннің талабы – оқыту арқылы жеке адамды дербес ой-пікipi бар азамат етіп қалыптастыру.
Оқытудың дамыту функциясы. Адамның дамуы тәрбие мен оқыту процесінде жетіледi. Оқыту арқылы дамытуды тиiмдiрек жүргізу үшін бала-лардың сенсорлық қабылдауын, қимыл-әрекет, интеллектуал, epiк, эмоцио-нал, мотивациялық сфераларын (өрiсiн) дамыту керек.
Оқыту процесiнің бұл үш функциясы өзара байланыста болады. Оқыту пpoцeci функцияларының өзара байланысын іс жүзiнде амалға асыру үшін оқыту міндеттерін анықтауды, оқытудың мазмұны мен методтарын, формасы мен тәсілдерін таңдауды, оқытуды талқылауды комплексті түрде жүргізу керек.
2.1.4. Заманауи педагогикада білім беру парадигмалары.
Педагогикалық парадигма (грекше «paradeigma» - мысал, үлгі) – педа-гогика ғылымы дамуының белгілі бір басқышында тәлім-тәрбиелік мәселе-лерді шешу үлгісі ретінде ғылыми орта мақұлдаған теориялық және методо-логиялық нұсқаулар жинағы болып, ол оқытудың концептуал моделі ретінде қолданылады.
Бүгінгі күнде білім берудің төмендегі парадигмалары бар:
Дәстүрлі – консервативті парадигма (білім парадигмасы).
Рационалистік (бихевиористік) парадигма.
Феноменологикалық (гуманистік) парадигма.
Эзотерикалық парадигма.
Технократикалық парадигма.
Білім алудың дәстүрлі – консервативті парадигмасының (Ж.Мажо, Л.Кро, Ж.Капель т.б.) негізгі мақсаты - “Білім қаншалықты қиын болмасын – білім алу”. Дәстүрлі парадигма мектебінің мақсаты жас ұрпақтың индиви-дуал дамуына және әлеуметтік тәртіпті сақтап қалуына көмектесуші мәдени мұралардың маңызды элементтері – білім, дағды және іскерліктерді жас ұр-паққа жеткізу қажет екенін ашып береді. Білім алу парадигмасының негізгі мақсаты: білім алу, өркениет және мәдениеттің ең маңызды элементтерін ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу.
Do'stlaringiz bilan baham: |