Өзбекстан республикасы жоғары және орта арнаулы білім беру уәзірлігі


Оқытуда теория мен практиканың байланыстылық принципі


Download 1.31 Mb.
bet35/151
Sana16.01.2023
Hajmi1.31 Mb.
#1095021
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   151
Bog'liq
Педагогика - учебное пособие

Оқытуда теория мен практиканың байланыстылық принципі оқы-тудың өмірмен байланысты болуын көрсетеді.Оқушы теориялық білімдерді тәжірибеде сынап, тексеріп көрмесе, оның ақиқаттығына көз жеткізе алмай-ды. Сондықтан оқытушы жаңа теориялық білімді беріп қана қоймай, оларды іс жүзінде тексеріп көруге жағдай жасауы керек. Оқушы алған білімі негізін-де өз бетінше тәжірибе жұмыстарын атқарса, яғни теориялық білімін практи-калық жұмыстармен ұштастырса, онда ол алған білімін қай уақытта да өмірде
қолдана алады.
Теория мен практиканың байланыстылық принципі оқытуды ұйымдас-тыруға да әсер етеді. Бұл принцип негізінде оқыту оқу орындарында лабора-тория кабиенттері, оқу шеберханалары, жер учаскерлері, заманауи техника-лық аппараттары болуын талап етеді.
Оқытуда оқушыға білім беру, тәрбие беру және оны дамыту бiрлiгi принципі жеке адамды жан-жақты жетілдіру мақсатына бағытталған. Бұл принцип оқытудың білім берушілік, тәрбиелеушілік және дамытушылық функцияларының қатар орындалуын талап етеді. Оқыту процесінде оқушы-ның идеялық-адамгершілік сенімдері, оқу-таным қызметінің дағдылары, қо-ғамдық құнды мінез-құлықтың тәсілдері мен әдеттері берік қалыптасуы ке-рек.
Оқыту процесінде бұл принциптер бiр-бірімен тығыз байланыста және бірлiкте жүзеге асырылады.


Бақылау сұрақтары:
1. Оқыту процесі дегенiмiз не?
2. Дидактика дегеніміз не? Категорияларын айт.
3. Дидактикалық система дегеніміз не?
4. Заманауаи білім беру парадигмаларын сипаттап бер.
5. Оқыту процесінің функцияларын айт.
6. Оқу процесіне сипаттам бер.
7. Оқушылардың танымдық қызметінің басқыштарын айт.
8. Гносеология дегенiмiз не?
9. Оқытудың заңдылықтары дегеніміз не?
10. Оқытудың принциптері дегеніміз не? Оған сипаттама бер


2.2. Жалпы орта, орта арнаулы кәсіптік бiлiм
берудің мазмұны.
2.2.1. Білім беру мазмұны туралы түсінік.
Білім мазмұнын анықтау – бұл неге үйрету, нeнi оқыту мақсатын анық-тап алу деген сөз.

Download 1.31 Mb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   151




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling