Өзбекстан республикасы жоғары және орта арнаулы білім беру уәзірлігі


Download 1.31 Mb.
bet33/151
Sana16.01.2023
Hajmi1.31 Mb.
#1095021
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   151
Bog'liq
Педагогика - учебное пособие

Оқытудың ғылымилық приципі. Бұл принцип ғылым мен оқу пәні-нің мазмұны арасында заңды байланыстың болуына негізделеді. Ғылымилық принципі оқытудың мазмұны жеке пәндердің ғылыми фактілерімен, түсінік-терімен, теорияларымен таныстыруын талап етеді. Ғылыми дәлелденген бі-лімдер ғана болмыстың шын көрінісін беретінін ескерсек, мектепте тек ғылы-ми білімдер оқытылуы керек. Ғылымда дәлелденбеген, практикада тексеріл-меген даулы мәселелер оқу программалары мен оқулықтарға, әдетте, енгізіл-мейді. Ғылымилық принципі оқу материалын тым қарапайым түсіндіруден яки кейбір ғылыми қағидаларды бұрмалаудан сақтайды.
Ғылыми білімдерді меңгеру процесінде оқушыларда ғылыми көзқарас, сенім пайда болады, сана дамиды.
Оқытудың көрнекілік принципі оқытуды ұйымдастырудың ең маңыз-ды шарттарының бірі болып саналады. Жаңа білімді тек құрғақ сөзбен ғана берсек, ол оқушының жадында ұзақ сақталмайды. Себебі баланың бір ғана сезім мүшесі қатысып отыр. Сезім мүшелері қанша көп қатынасса, үйреніліп жатқан нәрсе және құбылыстарды саналы түрде меңгеру жылдамдай түседі.
Көренкілік принципіне негіздеп оқытуды Я.А.Коменский дидактиканың
«алтын ережесі» деп есептеді. Ғалымның сөзімен айтқанда, «сезім мүшелері қабылдайтындардың барлығын: көрінетінді - көзге, есітілетінді - құлаққа, иіс-ті – иіс сезіміне, дәмді – дәм сезіміне, сипап сезілетінді – денеге беру керек. Егер қайсыбір затты бірнеше сезім мүшелерімен білуге болатын болса, онда сол сезім мүшелерінің барлығын қатыстыру керек». Бұлай оқыту, К.Д.Ушин-скийдің айтуы бойынша, «оқушының тілін, ойын, бақылампаздығын, таным белсенділігін арттырады».
Оқытудың саналы және белсендi болу принципі дегеніміз үйреніліп жатқан мәселені яки құбылысты терең түсініп, оны творчестволық жолмен қайта өңдеп, іс жүзінде қолдана алу болып табылады. Егер оқушы үйренілген оқу материалы бойынша өзінің пікірлерін дәлелдеп бере алмаса, қорытынды шығара алмаса, мәселенің шешімін таба алмаса, оның кейінгі материалды үй-ренуге базасы болмайды. Оқу материалын саналы түрде меңгеріп алу үшін оқушы оқу процесінде белсенді әрекетте болуы керек. Бұл оқытушының ше-берлігіне байланысты. Заманауи педагогика теориялық білімдерді меңгерудің жаңа үлгісін – педагогикалық технология негізінде оқытуды ұсынып отыр. Мұнда оқытушы тірек ұғымдарды қалай түсіндіруді, оқушылардың бұл ұғымдарды меңгеруде орындайтын міндеттерін анықтайды. Оқушылардың таным белсенділігін арттыратын оқыту методтарын таңдайды.
Саналы түрде меңгерген білімдер оқушының жадынан ұмытылмайды.

Download 1.31 Mb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   151




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling