Өзбекстан республикасы жоғары және орта арнаулы білім беру уәзірлігі


Download 1.31 Mb.
bet41/151
Sana16.01.2023
Hajmi1.31 Mb.
#1095021
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   151
Bog'liq
Педагогика - учебное пособие

Мемлекеттік білім беру стандарты – білім беру мазмұны мен сапасына қойылатын талаптарды белгілейтін нормативті құжат.
Жалпы орта білім берудің мемлекеттік стандарты оқушылардың жалпы білімділік дайындығына, деңгейіне қойылатын міндетті минимал дәрежені белгілеп береді.
Білім берудің мемлекеттік стандарты білім берудің мазмұнын, форма-сын, тәсілдерін, әдістерін және оның сапасына қойылатын бағаның тәртібін анықтайды. Оқыту мазмұнының өзегі есептелген стандартты қолдау арқылы мемлекет территориясында жұмыс істейтін әртүрлі мекмелерде (мемлекет-тік, мемлкеттік болмаған) білім берудің бірқалыпты дәрежесін қамтамасыз ету шарты жүзеге асырылады. Стандарт негізiнде оқу жоспары, оқулық және оқу құралары түзіледі.
Жалпы орта білім берудің мемлекеттік білім стандарты өзінің құрылымы және мазмұнына қарай мемлекет, аймақ, мектеп мүддесі және жабдықтары бірлігін көрсетеді және ең негізгісі оқушы тұлғасы, оның әрекеттері, қабілеті және қызығуларының бірінші тұруынан келіп шығады.
Жалпы орта білім берудің мемлекеттiк стандарты оқушы білiмiнің, іскерлігінің және дағдысының сапасына болған талаптың ең төменгі (мини-мум) дәрежесін анықтайды. Өзбекстан Республикасындағы мемлекеттiк яки мемлекеттiк болмаған оқу орындарының барлығы білiм берудің мемлекеттiк стандартын орындауы мiндеттi.


Бақылау сұрақтары:
1. Білім берудің мазмұны дегеніміз не?
2. Қазіргі кезеңде білім берудің мазмұны қандай идеяларға сүйенеді?
3. Оқу жоспары дегеніміз не?
4. Оқу програмасына сипаттама бер.
5. Оқулыққа қойылатын талаптар. Альтернатив оқулық дегеніміз не?
6. Оқу құралдары не үшін қажет?
7. Білім берудің мемлекеттiк стандарты дегенiміз не?
8. Жалпы орта білім берудің мемлекеттiк стандарты ненi анықтайды?
2.3. Оқыту методтары мен тәсілдері.
2.3.1. Оқыту методтары мен тәсілдері туралы түсінiк.
Метод гректің «metodos» деген сөзінен алынған болып, мақсатқа жету жолы дегенді білдіреді.
Оқыту методы дегеніміз оқушылардың танымдық қызметіне мұғалімнің басшылық ету тәсілі.
Оқыту методтары білім берудің мазмұны сияқты, оқытудың жалпы мақ-саттары және міндеттерімен анықталады.
Оқыту методы оқушылардың білімді, іскерлікті, дағдыны игеруіне және таным қабілетінің дамуына мүмкіншілік туғызады.
Теория мен практикада оқыту методтарының 200-ден астам түрі бар. Методтар – мұғалімнің құралы. Сондықтан мұғалім оқыту методтарын толық білyi және одан шеберлікпен пайдалана алуы керек.
Әрбір метод жеке әлементтерден тұрады, оларды тәсілдер деп те атайды. Тәсіл – методтың бір бөлігі болғандықтан, оқу міндеттерін шешуде өздігінше мәнге ие емес, бірақ негізгі методтың әсерін күшейтеді Мысалы, көрнекілік методын пайдаланып сабақ өтуді қарастырайық. Көрнекілікке табиғи объект-тер: өсімдіктер, заттар, құбылыстар т.б. жатады. Осылармен таныстыру көр-некілік методы деп аталады. Ал әpбipeyiнe түсінік беру – тәсіл деп аталады.
Оқыту процесін жақсарту үшін оқыту құралдары да қолданылады. Олар: оқу кітаптары (оқулықтар, сөздіктер, анықтамалар, жаттығулар, есеп-тер жинақтары, программалық көмекші құралдар), көрнекілік құралдары (та-блицалар, сызбалар, схемалар, карточкалар, моделдер), арнайы жабдықтар (лингофондық кабинеттер, пән кабинеттері), техникалық құралдар (киноап-параттар, телевизорлар, магнитафондар, компьютерлер).
Оқыту методтары оқыту, дамыту, тәрбиелеу, ынталандыру, бақылау-түзету функцияларын орындайды. Методтар арқылы оқытудың мақсатына жетіледі, оқушының даму темпі мен дәрежесі, тәрбие нәтижелері қамтамасыз етіледі.



Download 1.31 Mb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   151




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling