2. Орындайтын міндетіне қарай (М.Д.Данилов, Б.П.Есипов) классификациясы:
1) жаңа білімдерді меңгеру;
2) дағды мен іскерліктерін қалыптастыру;
3) білімдерін іс жүзінде қолдау;
4) бекіту;
5) білім, дағды және іскерліктерін тексеру.
3. Оқушылардың танымдық қызметінің сипатына қарай классификациясы (И.Я.Лернер мен М.Н.Скаткин):
1) хабарлы-рецептивті – сипаттау, әңгіме, лекция, көрсету, оқулықпен жұмыс істеу, жазба жаттығулар;
2) репродуктивті – жаттығу, әңгіме, өз сөзімен қайта айту;
3) проблемалы баяндау – оқытушының дәлелді баяндауы, экскурсия, демонстрация;
4) эвристикалық – эвристикалық әңгіме, байқау, жоспар жасау;
5) зерттеушілік – тәжірибе, байқау, класпен жұмыс, құжаттармен жұ-мыс, сурет салу.
4. Дидактикалық мақсаттарына қарай классификациясы:
1) оқу материалын бастапқы меңгеруіне мүмкіндік туғызатын методтар – хабарлы-дамытушы методтар (оқытушының ауызша баяндауы, сұхбат, кітаппен істеу), эвреистикалық методтар (эвристикалық сұхбат, диспут, рабораториялық жұмыс), зерттеушілік метод;
2) алынған білімдерді бекітуге және жетілдіруге мүмкіндік туғызатын методтар (Г.И.Щукина, И.Т.Огородников) – жаттығу, практикалық жұ-мыстар.
5. Оқытудың бинар методтары (М.И.Махмутов):
1) үйрету методтары – ақпаратты-мәліметті, түсіндіруші, инструктив-ті-практикалық, түсіндіруші-үндеуші, үндеуші
2) үйрену методтары – орындаушы, репродуктивті, өнімді-практикалық, жартылай ізденуші, ізденуші.
6. Тұтастық тұрғыдан оқыту методтарын классификациялау (Ю.К.Бабанский):
1) оқу-танымдық іс-әрекетін ұйымдастыру және іске асыру методтары – сөзді методтар, практикалық методтар, индуктивті және дедуктивті методтар, репродуктивті, проблемалы, проблемалы-ізденісті, оқушылардың өзіндік жұмыстары;
2) оқу-танымдық іс-әрекетін ынталандыру методтары – танымдық қыз-метін ұйымдастыру бойынша ойындар, оқу диспуттары, ситуацияларды туғызу, талап қою, марапаттау, ескерту;
3) оқу-танымдық іс-әрекетінің тиімділігін бақылау және өзін-өзі бақылау методтары – ауызша сұрау, жаппай сұрау, ауызша өзін-өзі бақылау жұмыс-тары, жазбаша бақылау жұмысы, программаландырылған жазба жұмыс, жазбаша өзін-өзі бақылау жұмыстары, лаборатория жұмыстары, лабора-ториялық өзін-өзі бақылау жұмыстары.
Соңғы жылдары педагогикалық әдебиеттерде оқытудың интерактивті методтары деген түсінік пайда болды. Мұндай методтарды ғалымдар оқыту методтарының жеке тобы ретінде қарастырады. Негізі оқыту методтарын актив яки пассив деп бөлуге болмайды. Оларды оқытушы немесе оқушының пайдалануына қарай актив немесес пассив методтар деп атайды. Ал интерак-тивті методтар педагогикаға компьютер сөздігінен келді. Оған мысал – компьютер ойындары. Ойыншы басқару клавиатураларын манипуляциялау арқылы ойынның барысын өзінің қалауымен өзгертіріп отырады.
Дидактикада интерактивті методтар дегеніміз – бұл оқытушы мен оқушының оқу ойыны формасындағы өзара әрекетін ұйымдастыру ережеле-рінің системасы. Бұл методтарды пайдаланудан басты мақсат – оқушылардың оқу процесінде белсенділігін арттыру. Интерактивті методтарға дискуссия, тренинг, ойындар жатады. Оқу орындарында бұл методтардың оқыту форма-лары және тәсілдерімен біріктірілген көптеген модификациялары (өзгертіру) қолданылады. Мысалы:
лекция-дискуссия;
тернингдер;
«ашық жауаптармен» талқылау;
«аяқталмаған қорытындылармен» әңгімелесу;
жұп болып, шағын топтарда жұмыс істеу;
«ақыл-ой шабуылы»;
жарыс;
ереже бойынша және ережесіз ойын;
өзінің жобаларын реклама жасау;
Интерактивті методтар ішінде ойындар үстемдік етеді. Ойын методтары оқыту процесіне тереңдеп кіріп келе жатыр.
Do'stlaringiz bilan baham: |