Өзбекстан республикасы жоғары және орта арнаулы білім беру уәзірлігі
Download 1.31 Mb.
|
Педагогика - учебное пособие
- Bu sahifa navigatsiya:
- 2.4. Оқыту процесін ұйымдастыру формалары. 2.4.1. Оқытуды ұйымдастыру туралы түсінік және оның даму тарихы.
- Оқытуды ұйымдастыру формасы
- «Бастауыш, орта мектепте оқу программалары және оқудың тәртібі туралы»
Бақылау сұрақтары:
1. Оқыту методы дегеніміз не? 2. Оқыту тәсілдерi және құралдары дегенiмiз не? 3. Оқыту методтары қандай функцияларды орындайды? 4. Оқыту методтарын классификациялаудың мәнін ашып бер. 5. Оқыту методтарына сипаттама бер. 6. Оқытудың интерактив методтары дегеніміз не? 7. Оқыту методтарын таңдауда қандай критерийлердi басшылыққа алу керек? 2.4. Оқыту процесін ұйымдастыру формалары. 2.4.1. Оқытуды ұйымдастыру туралы түсінік және оның даму тарихы. Оқыту – таным әрекетінің ерекше түрі және білiм берудің негізгі жолы. Оқытуда баланың таным қабілеті дамып, білімді, дағдыны, iскерлiктi игередi. Оқыту – екi жақты процесс. Оқыту процесі оқушы мен мұғалімнің өзара бірлесіп жасайтын әрекетінен тұратын күрделі әрекет. Оқыту – мұғалімнің білiм берудегі жетекшi әрекетi болса, оқу – баланың өзінің танымдық, прак-тикалық әрекетi. Оқу материалын ұғыну процесі оқуға ынта қою, оқу мате-риалын қабылдау, ойша қорыту, есте қалдыру, қайталау сияқты бірнеше пси-хикалық процестердің жиынтығынан тұрады. Оқытуды ұйымдастыру формасы – мұғалім мен оқушылардың арасын-да арнайы ұйымдастырылған, белгіленген тәртiп пен режимде өтетiн оқу-таным әрекетінің процесі. Ұйымдастыру формасының қандайы болса да кол-лективтiк және жеке дара оқытудың түрліше үйлесуiмен, оқушылардың сабақ оқуда дербестiгiнің түрлі дәрежеде болуымен, мұғалім тарапынан берілетін оқуды олардың түрліше тәсілдермен басшылыққа алуы арқылы сипатталады. Тарихка үңілсек, оқытуды ұйымдастырудың бірнеше түрі болғанын көремiз. Оқытудың жеке дара-топтық жүйесі өте ертеде қалыптасты. Бұлай оқыту орта ғасырлық діни, шiркеу, рыцарь мектептерiнде қолданылады. Оқу-ға жылдың қай мезгілiнде болсын қабылдай берді. Топта 15 шақты адам бо-лып, оқыту жеке дара жүргізілді Яғни оқушыға мұғалім жеке-жеке тапсырма берді. Оқытудың мұндай жүйесіне біздің отандасымыз, iлкi орта ғасырларда өмір сүрген ғұлама ғалым Абу Али Ибн Сино қарсы шығады. Ол біркелкі жастағы балалардың коллективті оқуын жақтап, мұндай оқыту, біріншіден, оқушыларды ілім үйренуге шақырады, бiрiнен-бipi артта қалмауға үйретедi, екіншіден, оқушылар бiр-бірiмен қарым-қатынаста болу арқылы есте сақтау қабілетiн және шешендігін дамытады, үшіншіден бір-бірімен достасады, жа-рысады, пікірлеседі,- дейді. Жеке дара-топтық оқытудың орнына XVII ғасырда ұлы чех педагогы Ян Амос Коменский оқудың класс-сабақ түрін ұсынды. Ол мектептi тұрақты кластарға бөлiп, оқу жылын, оқу аптасы мен оқу күнін нақтылы түрде ұйым-дастыру арқылы мұғалiм бiр мезгілде көп баланы оқыта алатынын көрсеттi. Оқушылардың тұрақты бiр тобына арналып оқу жоспары, программасы, са-бақ кестесi бойынша құрылатын оқытудың класс-сабақ түрі Европа мектеп-теріне кең тарады. Англияда өнеркәсіп дамып, сауатты жұмысшылар талап етіле бастаған кезде, жұмысшыларды оқытудың ерекше түрі пайда болды. Мұғалім Лан-кастердің, священник Белльдің атымен белль-ланкастер жүйесі қолданыл-ды. Бұл оқытуда 200-300 оқушыны бiр оқытушы оқытады. Түске дейiн мұға-лім ересектердi оқытады, түстен кейін олар өздерiнен кішілерге сабақ берді. XIX және ХХ ғасыр арасында оқушыларды қабілетiне қарай кластарға топтастырып оқытатын мангеймдiк жүйе пайда болды. Бұл жүйе қазіргі кез-де Англияда, АҚШта, басқа да Европалық елдерде бар. Еңбекшi халықтың балалары жоғары білім алатын мектертерде оқи алмайды. XX ғасыр басында АҚШта Елена Паркхерст ұсынған дальтон-жоспар (Дальтон – қаланың аты) бойынша әр пәнге арнап өз алдына кабинет-лабора-тория ұйымдастырылады. Мұғалімнің тапсырмасы бойынша әр бір оқушы кабинет-лабораторияда жұмысты өз бетімен жеке орындайды. Кеңес мектебінің алғашқы жылдарында Дальтон-жоспарды біраз өзгер-тіп, яғни оқушылар жекеленбей, бригада түрінде лабораториялық тапсыр-маларды орындайтын болды. Оқу жұмысын ұйымдастырудың бұл түрі «ла-бораториялық-бригадалық» әдіс деп аталды. Бұл әдіспен оқыту оқушылар-дың білiм сапасын төмендетiп жiберді. Оқытудың бұл түрі ашық сыналып, 1932 жылы 25-тамыздағы «Бастауыш, орта мектепте оқу программалары және оқудың тәртібі туралы» қаулысында мектепте оқу жұмысын ұйым-дастырудың негізгі түрі сабақ болуы көрсетілді. Download 1.31 Mb. Do'stlaringiz bilan baham: |
Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling
ma'muriyatiga murojaat qiling