Өзбекстан республикасы жоғары және орта арнаулы білім беру уәзірлігі
Download 1.31 Mb.
|
Педагогика - учебное пособие
- Bu sahifa navigatsiya:
- Сабақтың мынадай негізгі түрлері бар
- Сабақ элементтері: 1. Жалпы немесе аралас типтi сабақ.
- П. Білімді бекіту сабағы.
2.4.3. Сабақтың түрлерi және құрылымы.
Сабақта оқушылардың танымдық және творчестволық қабілеттерiн да-мытуда, оларды өз бетiнше жұмыс істеу iскерлiгi мен дағдыларын қалыптас-тыруда оқытудың жалпы, топтық, жеке және дифференциал түрлері қолда-нылады. Сабақтың мынадай негізгі түрлері бар: 1. Kipіспe 2. Жаңа білімдi хабарлау. 3. Бiлімдi, іскерлiктi және дағдыны бекіту сабағы. 4. Жаттығу мен практикалық сабақтар. 5. Лабораториялық сабақ. 6. Қайталау-қорыту сабағы. 7. Оқушылардың білімдерi, iскерлiктері мен дағдыларын тексеру және баға- лау сабағы. 8. Аралас сабақ. Сабақ элементтері: 1. Жалпы немесе аралас типтi сабақ. 1) ұйымдастыру бөлімі; 2) үйге берiлген жазбаша тапсырманы тексеру; 3) үй тапсырмасын ауызша сұрау; 4) жаңа білімдi баяндау, жаңа материалды талдау; 5) жаңа материалды бекіту; 6) үйге тапсырма беру; 7) сабақтың аяқталуы; П. Білімді бекіту сабағы. 1) ұйымдастыру бөлімі; 2) жазбаша тапсырманы тексеру; 3) сұрау-бекіту; 4) үй тапсырмасы; 5) сабақтың аяқталуы. Сабақтың типтерiне қарай сабақ элементтерi әр түрлі болады. Мысалға аралас сабақты қарастырайық. 6-класта «Сын eciм» сабағын өту. Алдыменен сабақтың басталуын ұйымдастырып алу қажет. Ұйымдастыру бөлімінде клас-тың, оқушылардың жеке-дара ерекшелiктерiне сай тура талаптар қоя білсе, бұл сабақ барысында жетiстiкке жетедi. Сонымен берге оқытушы кластың са-нитарлық-гигиеналық талаптарға сай болуын, тазалық, жылулық, жарықтық тәртібіне, құрал-жабдықтарының сaй болуын, оқушылардың отыруы, сабақ-тың құрылымы сияқты мәселелерге көңіл аударуы керек. Сабақтың екінші бөлімiнде оқытушы оқушылардың көңілін үй жұмыстарын орындауға ауда-руы керек. Тапсырманы барлығы орындады ма, орындамады ма, қандай қи-ыншылықтарға кез келгенiн тексередi. Үй тапсырмасын жазбаша жұмыстар-ды тексеру арқылы, сөз парақтарын тарқатып, оларға жауап алу арқылы, ау-ызша сұрақ-жауап арқылы сұрайды. Өтілген материалдарды меңгергенiне қарай оқушылардың білімiн, іскерлігін, дағдыларын бағалайды. Содан кейін өтiлген сабақты оқытушы бекiтiп, қорытады. Сабақтың кейінгі элементі жаңа бiлiмдi баяндау, яғни 6-класта «Сын eciм» тақырыбын өтедi. Алдымен оқытушы мысалдар арқылы сын есiм зат-тың түр-түсін, сапасын, көлемдiк аймағын, дәмін білдiретiнiн түсіндіреді. Осыдан сын есiмнің ережесiн шығарады. Ереженi бiр-екі рет қайталайды. Одан кейін сұрақ-жауап арқылы жаңа сабақ талданады. Оқушылардың сын есімді түсінгенін бақылағаннан кейін, оларға жаттығу жұмыстарын орындауды тапсырады. Жаңа сабақты бекіту мақсатында оқытушы оқушыларға мынадай сұрақ-тар қояды: «Сын есімнің белгiлерi қандай?». «Сын есiмнiң сұраулары қан-дай?». «Сын есімнің ережесiн айт». «Мысалдар келтiр» т.б. Сабақ бекітілген-нен кейін үй тапсырмасы берiледi. Оқытушы оны қалай орындау жолдарын түсіндіреді. Бірнеше оқушыдан тапсырманы қалай түсінгенін сұрап көредi. Сабақтың аяқталуы – бұл сабақтың өзiндік бөлімi болып саналады. Оқытушы 1-3 минут барысында негізгі мазмұнын қайталайды. Орындаған істерінің кемшіліктері болса айтады. Белсенді қатысқандарды мадақтайды, бағалайды. Download 1.31 Mb. Do'stlaringiz bilan baham: |
Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling
ma'muriyatiga murojaat qiling