2.4.2. Сабақ – оқытудың негізгі түpi, оған қойылатын талаптар.
Оқытуда негізгі рольдi сабақ процесі атқарады. Сабақ барлық балалар үшін мiндеттi. Сабақ білiм, iскерлiк, дағдыны игертумен қатар, балалар то-бын құруға, онда өміp сүріп, іс-әрекетпен шұғылдануға, балалардың бiр-бiрi-мен дұрыс қарым-қатынас жасап, адамгершілік қасиеттерін, мінез-құлқын қа-лыптастыруға үйретеді.
Сабақ мұғалімнің басшылығымен өтедi. Ол сабақтың мазмұнын, мақсат- мiндеттерiн, көрнекi құралдарын белгілейдi, әдіс-тәсілдерiн таңдап алып, ба-лалардың бiлiмдi, iскерлiктi, дағдыны меңгеру әрекетiн басқарады.
Қазіргі заман мектептерiнде сабаққа мынадай талаптар қойылады:
1. Әрбір сабақтың айқын мақсаты, мазмұны, жоспары, сабақтың құры-лысы алдан ала белгілі болуы тиіс.
2. Сабақта оқытудың негізгi мақсаты білiм беру, тәрбие беру, дамыту-шылық бiрлiкте жүзеге асырылуы тиіс.
3. Сабақта оқу материалының ерекшелігіне сай, проблемалық ситуация-ларды туғызу керек.
4. Әр сабақтың өзіндік дидактикалық міндеттері алдын-ала ойластыры-луы керек.
5. Оқу материалына, тақырыпқа оқушылардың қызығушылығын оятып отыру, танып-білу қажеттілігін қалыптастыру керек.
6. Оқушылардың жеке және жас ерекшелiктерiн ескере отырып, оқыту-дың әдістері мен оқу материалының қиындық және жеңіл дәрежесiн дұрыс айқындау, оқытуды дифференциялау және даралау қажет.
7. Оқушылардың психикалық ерекшелiктерiне сай оларға шамадан тыс күш түсірмеу, жағдайын ескеру керек.
8. Қaзipгi қоғамның үздіксiз білім беру бағытына сай жас ұрпақты ғы-лым негіздерімен қаруландыру ғана емес, оларда білімдi өздігінен меңгеру-дiң әдіс-тәсілдеріне қажетті iскерлiк пен дағдыларды қалыптастыру да керек. Оқушыларды оқулықпен, оқу құралдарымен т.б. әдебиеттермен, баспа-сөзбен жұмыс iстеуге үйрету керек.
9. Дарынды балаларды анықтау, әр оқушының бейiмділігін, қабілетiн дамытуға жағдай жасау қажет.
10. Бүгінгі күнде әрбір сабақты берудің гуманистiк мақсатымен педаго- гикалық ынтымақтастық негізiнде өткізу және жоғарыда аталған талаптарды бiрлiкте жүзеге асыру барлық мұғалімдердің борышы болып есептеледi.
Do'stlaringiz bilan baham: |