Өзбекстан республикасы жоғары және орта арнаулы білім беру уәзірлігі


Оқытуды ұйымдастырудың кластан тыс түріне


Download 1.31 Mb.
bet51/151
Sana16.01.2023
Hajmi1.31 Mb.
#1095021
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   151
Bog'liq
Педагогика - учебное пособие

Оқытуды ұйымдастырудың кластан тыс түріне пән үйірмелерi, ғылы-ми қоғамдар, олимпиадалар жатады. Оқытудың бұл түріне әртүрлі кластағы оқушылар өз еріктерімен, қызығуымен қатысады. Бұл оқу кестесiнен тыс жүргізіледi.
Пән үйірмелepi параллель класс оқушыларынан яки бiр-бiрiне жақын болған класс оқушыларынан (мысалы, V-VI; VII-VIII кластар) құралады. Үйірмелерге пән оқытушысы жетекшiлiк етеді.
Үйірмe жұмысының мазмұнына мыналар жатады: оқу программасының кейбiр сұрақтарын тереңірек үйрену, ғалымдардың, жазушылардың және мә-дениет қайраткерлерінің өмірiмен және творчестволық қызметтерiмен таны-су, әдеби кештер, тақырыптық кештер ұйымдастыру, техникалық моделдестi-рудi, тәжірибе жұмыстарын жүргізудi ұйымдастыру, кездесулер ұйымдас-тыру.
Ғылыми қоғамдар үйірме жұмыстарын үйлестіру, бiрiктiру, ғалымдар-мен кездесуді ұйымдастыру мақсатында құрылады. Бұл оқушылардың өзін-дік ізденулеріне, ғылыми жұмыспен шұғылдануына өте үлкен көмек болады.
Оқушылардың оқу-танымдық әрекеттерiн дамыту жеке пәндерді үйрену бойынша творчестволық жұмыстарын жандандыру үшін мектепте, ауданда, қалада, облыста, республикада олимпиадалар, конкурстар, көрмелер өткi-зiледi. Оқытудың кластан тыс мұндай түріне қатысатын оқушылар алдын-ала іріктеліп алынады. Дарынды балалар оқытушылардың жетекшілігінде олим-пиадаларға, конкурстарға, көрмелерге қатысу арқылы әpi білімiн жетілдіреді, әpi өздерiн танытады. Біздің мемлекетiмiзде оқу-таным процесінің мұндай түріне аса көңіл бөлінуде. Жүйрiктер мемлекет тарапынан қамқорлыққа алы-нады.


2.4.6. Оқытушының сабаққа әзірленуі.
Мұғалiм әрбір сабаққа тиянақты әзiрленуi шарт. «45 жыл мұғалім болып істесең де, 45 минуттық сабаққа дайындал» деген оқытушылардың жазылма-ған қағидасы бар. Мұғалім, ең алдымен, тақырыптық жоспарды бір оқу жы-лына жасап алады. Осы жоспар бойынша әр сабаққа арнап сабақ жоспары жасалады.
Сабақ жоспарының үлгісі:
1. Күнi, айы, жылы.
2. Сабақтың тақырыбы.
3. Сабақтын мақсаты (бiлiм берушілiк, тәрбиелік, дамытушылық).
4. Сабақ типі.
5. Сабақта қолданылатын оқыту методтары.
6. Сабақтың мазмұны.
7. Үй тапсырмасы.
8. Сабақтың аяқталуы.
Сабаққа дайындалуда мұғалiм оқу материалын үйренiп шығады. Осы сабақтың алдыңғы сабақпен байланысын анықтайды. Сабақты қандай метод-тармен түсіндіруді, практикалық және өзіндік жұмыс түрлерін таңдайды. Са-бақта пайдаланатын көрнекiліктердi, кабинеттерді әзірлейді.
Мұғалім әрбір сабаққа дайындалуда тек оқулықпен шектелiп қоймай, сол тақырыпты ашатын методикалық әдебиеттерді, көркем шығармаларды, ғылыми еңбектердi де үйренiп шығуы керек. Бұлардың барлығын сабақтың конспектінде көрсетуi мақсатқа лайық болып табылады.



Download 1.31 Mb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   151




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling