Өзбекстан республикасы жоғары және орта арнаулы білім беру уәзірлігі


Download 1.31 Mb.
bet56/151
Sana16.01.2023
Hajmi1.31 Mb.
#1095021
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   151
Bog'liq
Педагогика - учебное пособие

Күнделікті бақылау – бұл оқытушының үнемі сабақ үстінде оқушылар-дың оқу қызметін бақылауы және үйренілген тақырыптарды меңгергені бойынша олардың білім, дағды, іскерліктер дәрежесін тексеруі. Тексеру әр бір пән бойынша күнделікті балл қоюды талап етеді. Тексеру түрін оқытушының өзі таңдайды. Күнделікті тексерудің әрдайым қолданылатын формалары төмендегілер:
1. Оқу материалын меңгеру бойынша ауызша тексеру.
2. Қысқа көлемдегі жазба тапсырмалар яки аз мөлшердегі (15-тен артық болмаған) тест.
Күнделікті тексеру оқытушыны әрбір оқушының оқу қызметі туралы жылдам ақпараттармен қамтамасыз етеді, оқыту процесін басқаруда жақсы нәтиже береді, үлгермейтін оқушыларды өз уақытында сезеді және оқу мате-риалдарын меңгеру бойынша шаралар белгілейді. Ширектер барысында тек-серудің тұрақты шкаласы негізінде әрбір тәсілі бағаланады. Ширек соңында барлық күнделікті тексеру бағаларының орташасы есептелініп шығарылады.
Аралық бақылау оқу пәндерінің белгілі бip бөлімдерін (яки бірнеше та-қырыптарды) оқушылардың қай дәрежеде меңгергенін тексеруді мақсат ете-ді. Аралық бақылауды оқытушы сабақ кестесіне негізделіп, бip сабақ бары-сында ауызша, жазбаша яки тест формасында оқу материалының өзіне тән қасиеті бойынша өткізеді.
Аралық бақылау өткізуден алдын оқушылар ескертіледі. Әрбір аралық тексеру бөлек-бөлек тұрақты шкала негізінде бағаланады.
Қорытынды бақылау ширектік, жылдық және мемлекеттік аттестация сынақтары сияқты түрлерге бөлінеді. Қорытынды бақылау ауызша, жазбаша, тест және практикалық тапсырмаларды орындау методтары негізінде өткі-зіледі.
Бақылаудың формасы оқу жұмыстарын ұйымдастыру формасына байла-нысты болады. Оқытушы оны тақырыптан келіп шығып таңдайды. Бақылау-дың негізгі бес түрлі формасы бар:
- бақылаудың фронтал (жаппай) формасында оқытушы оқушыларға материалдың белгілі бір көлемі бойынша сұрақ береді, оқушылар оған қыс-қаша жауап қайтарады. Бұлай сұрау оқушылардың көпшілігін бақылауды қамтамасыз етеді және бүкіл кластың белсенділігін арттырады. Бірақ бұл бақылауды оқушылардың білім дәрежесін жан-жақты анықтау үшін пайда-лануға болмайды.
бақылаудың топтық формасында оқушылардың белгілі бір тобы бақылауға алынады. Оқытушы оқушылар тобына тапсырма береді, ал олар сол тапсырманы орындайды. Бірақ басқа оқушылар бос отырмайды, олардың орындған жұмыстарын бағалау үшін өз үстінде жұмыс істейді, қажет болса топқа көмекке барады.
бақылаудың индивидуал (дербес) формасы оқушының білімін, іскер-лігін және дағдысын анықтау үшін қолданылады. Бақылаудың дербес форма-сында, әдетте, оқушылар класс тақтасының алдында тұрып тапсырманы орындайды.
бақылаудың комбинацияланған (қиыстырылған) формасы дербес бақылауды жаппай яки топтық бақылау формаларымен қиыстыруды талап етеді. Бұл бақылау көлемі кең болған тақырыпты барлық оқушылардан сұ-райтын уақытта пайдаланылады. Әр оқушыға жеке тапсырма беріліп, біре-уінен ауызша, ал екіншісінен жазбаша жауап ала отырып, бір мезгілде бірне-ше оқушыны тексеруге мүмкіндік болады.
өзін-өзі бақылау формасы арқылы оқушылар өздерінің оқу материа-лын қай дәрежеде меңгергенін тексереді. Бақылаудың бұл формасы психоло-гиялық критерийлерге негізделеді. Оның нәтижелі болуы оқытушының кә-сіптік шеберлігіне байланысты болады.
Оқушылардың оқу қызметін бақылау методтары мыналар: ауызша тек-серу, жазбаша тексеру және практикалық тапсырмаларды орындауға негіз-делген тексеру.

Download 1.31 Mb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   151




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling