Өзбекстан республикасы жоғары және орта арнаулы білім беру уәзірлігі


Download 1.31 Mb.
bet57/151
Sana16.01.2023
Hajmi1.31 Mb.
#1095021
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   151
Bog'liq
Педагогика - учебное пособие

Ауызша тексеру. Бұл метод білімді бақылау және бағалаудың ең кең та-раған дәстүрлі түрі. Ауызша тексерудің мәні сонда, оқытушы оқушыларға үйренілген тақырыптың мазмұнынан келіп шығып сұрақтар береді және оларды жауап беруге үндейді. Сөйтіп оқушылардың үлгерім дәрежесін анық-тайды. Оқушылардың білімін ауызша тексеруде сұрақ-жауап тәсілін қолдан-ғандықтан, бұл методты кейде сұхбат методы деп те атайды. Ауызша тексе-руде оқытушы өтілген тақырыпты мазмұнына қарай бірнеше бөліктерге бө-леді де, олардың әрқайсысы бойынша оқушыларға сұрақ береді. Тақырыпты түгелдей бір оқушының айтып беруі де мүмкін. Ауызша тексеру арқылы оқушылардың тек білімін ғана емес, қай дәрежеде сөйлеуін, ойлауын, қисын-ды пікірлеуін де анықтауға болады. Бірақ ауызша сұрау көп уақытты алады. Ауызша тексеруді жазбаша тексерумен бірге жүргізу тиімдірек болады.
Жазбаша тексеру – оқушылардың білім, дағды және іскерліктерін бақы-лау мен бағалауың ең тиімді методтарының бірі болып, олардың творчество-лық қабілеттерін бағалауға жағдай туғызады. Бұл методтың мәні сонда, оқы-тушы тақырыпты немесе оқу пәнінің белгілі бір бөлігін өткеннен кейін аз уа-қыттың ішінде барлық оқушыларды бірдей тексере алады. Жазбаша тексеру бақылау жұмысы, шығарма, мазмұндама, диктант, зачет т.б. жәрдемінде жү-ргізіледі. Бірақ оқытушы мен оқушының арасында тікелей қатынас болмаған-дықтан, ол оқушылардың ойлау процесін бақылай алмайды.
Практикалық тапсырмаларды орындауға негізделген тексеру. Бұл орындалып жатқан практикалық әрекеттерді (спорт, еңбек әрекеттері) бақы-лау яки алынған нәтижелерге сүйену арқылы амалға асырылады Практика-лық жұмыстарды тексеру методы табиғи-математикалық циклдегі пәндерден оқушылардың үлгерімін тексеруде пайдаланылады. Сондай-ақ, бұл метод су-рет, еңбек, сызу, дене шынықтыру сабақтарында оқушылардың алған білім-дерін, дағдыларын және іскерліктерін тексеруде де өте көп қолданылады. Практикалық методтар жәрдемінде оқушылардың алған білімдерін іс жүзін-де қолдану іскерлігі анықталады.
Үй жұмысын тексеру. Оқушылардың үлгерімін бақылау үшін олардың үйге берілген тапсырмаларды орындауын тексеру үлкен мәнге ие. Үй тапсыр-маларын тексеру арқылы оқытушы оқушылардың оқу жұмыстарына қатына-сын, үйренілген материалды қай дәрежеде меңгергенін, үй жұмыстарын ор-ындаудағы дербестік дәрежесін анықтайды.
Өзбекстан Республикасының «Кадрларды даярлаудың ұлттық програм-масы» мен Уәзірлер Мекемесінің 1998 жылы 13-майда қабылдаған 203-санды «Өзбекстан Республикасында жалпы орта білім берудi ұйымдастыру туралы» қаулысын орындау мақсатында оқушылардың білім дәрежесiн рейтинг мето-дымен бағалау системасы енгізілді.

Download 1.31 Mb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   151




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling