Өзбекстан республикасы жоғары және орта арнаулы білім беру уәзірлігі
Жеке адамның коллективтiк қарым-қатынасты қажетсінуі. Коллектив туралы түсінiк
Download 1.31 Mb.
|
Педагогика - учебное пособие
- Bu sahifa navigatsiya:
- «Ақ терек-көк терек»
3.2.1. Жеке адамның коллективтiк қарым-қатынасты қажетсінуі. Коллектив туралы түсінiк.
Адам өзiн қоршаған ортамен үнемі қарым-қатынаста өмір сүреді және жетілiп отырады. Адамдардың ортасында өмір сүру арқасында жеке адамның тілі, сөзi, ақыл-ойы, мінез-құлқы, іс-әрекетi, қарым-қатынасы, қабілетi, еңбек ету дағдылары, сезімдері дамиды. Адамдардың жинақтаған тәжірибелерін үйреніп, өзiндік тәжірибелер топтайды. Сол арқылы өзiн де, қоршаған ортасын да өзгерте алады. Адамдардың бipiгіп, бір мақсатта белсендi іс-әрекет eтyi нәтижесінде қоғам дамиды. Адамзат ежелден-ақ татулықта, достықта, ынтымақта бірлесіп өмір сү-руді мақсат еткен. Оған мысал ретінде халық педагогикасы үлгілерiн қарас-тырайық. Ұрпақтан-ұрпаққа мирас болып келе жатқан балалар ойынының қайсы-сы болмасын бірнеше баланың қатысуын талап етедi. Әсіресе жарыс форма-сында өтетiн ойындарда балалар бiрiн-бipi түсінісіп, көмектесіп, қолдап-қуат-тап отырады. Нәтижеде олар намысшыл, коллектившіл, бiрiн-бipi құрметтеу сияқты қасиеттерге ие болады. Мысалы, «Ақ терек-көк терек» ойыны. Ғасырлар асып бiзге жеткен мақал-мәтелдер де, ертегілер де, жыр-дас-тандар да бiрлiктi, ынтымақты, көпшіліктің құдіретті күш екенiн, көптен жау да қашып құтыла алмайтынын насихаттап келеді. Міне, осы айтылғандардан көрініп тұр әрбір адам өмір сүру үшін белгілі бір адамдармен және адамдар тобымен қарым-қатынасты қажет eтeді. Адамдарды белгілі бiр мақсатты іс-әрекет негізінде біріктірудің ұйым-дық формасы коллектив деп аталады. Коллектив латын сөзі болып (colleсtivus) жинақтау деген мағынаны бе-реді. Коллектив проблемасын бірнеше қоғамдық ғылымдар зерттейдi. Ал пе-дагогика ғылымы оқушылар коллективін ұйымдастыруды, тәрбиелеуді, кол-лективтің тәрбиелік ықпалын зерттейдi. Баланың дамуы колективке, коллективтегі қарым-қатынасқа, даму дәре-жесіне байланысты болады деген пікірді біздің эрамызға дейін өмір сүрген батыс фиолосфтары да, орта ғасырлық энцеклопедист ғалымдар да айтқан. Мысалы, Абу Али ибн Сино баланың жан-жақты жетілуіне игі ықпал ететін коллективті түрде оқытудың мәнін ашып берді. Әйтседе, коллектив теориясы туралы ғылыми еңбектер XX ғасырдың 20- жылдарынан бастап кең түрде жарық көре бастады. А.В.Луначарский, Н.К.Крупская, А.С.Макаренко, С.Т.Шацкий сияқты көрнекті педагогтар мен қоғам қайраткерлері оқу-тәрбие процесінде оқушы-ларда коллективизм сезімін тәрбиелеуді насихаттады. А.С.Макаренко бала-ларды коллективте тәрбиелеу теориясының неізін жасай отырып, жас өспі-рімдерді жастайынан бірдесіп ынтымақта өмір сүруге, еңбек етуге үйрету ке-рек деп есептейді. Оның пікірінше, коллектив адамдардың жай ғана жиынты-ғы емес, ол жалпы мақсатқа жетуді алға міндет етіп қойған, қоғамға пайда тигізуге әрекет етушілер тобы. XX ғасырдың соңғы он жылында А.В.Мудрик, Л.И.Новикова, Л.Ю.Гор-дин, Т.А.Куракин сияқты орыс педагогтары тәрбие коллективін ұйымдасты-рудың тиімді жолдарын, методтарын анықтауға, коллективтік қызметті да-мытудың методтарын істеп шығуға, коллективтің тәрбиелеу функциясын да-мытуға арнаған ғылыми еңбектерімен балалар коллективінің тәрбиелік ролін жан-жақты ашып берді. И.Ф.Козловтың анықтауынша, тәрбие коллективі – бұл балалар өмірін тәрбиелейтін ғылыми ұйымдастырылған система.Тек коллективтік тірші-лік әрекетте ғана жеке адамның интеллектуал-адамгершілік бағыты, оның азаматтық позициясы және қоғамдық мәні бар іскерліктері мен дағдылары қалыптасады. Download 1.31 Mb. Do'stlaringiz bilan baham: |
Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling
ma'muriyatiga murojaat qiling