Өзбекстан республикасы жоғары және орта арнаулы білім беру уәзірлігі


Download 1.31 Mb.
bet68/151
Sana16.01.2023
Hajmi1.31 Mb.
#1095021
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   151
Bog'liq
Педагогика - учебное пособие

Жақын перспектива – оқушылардың күнделiктi өмірдегі орындайтын жұмыстары. Бұған ертең болатын жарыс, қызықты кездесу, экскурсия, кеш т.б. жатады.
Орта перспектива – уақыт жағынан едәуір дайындықты қажет ететін, оқушыларды қызықтыратын, iздендiретiн коллективтiк іс-әрекеттер. Мыса- лы, кластар арасындағы жарыс, олимпиада, мерекелiк кештер, диспут т.б.
Алыс перспектива – уақыт жағынан неғұрлым алыс және әлеуметтiк жағынан мәнді жұмыстар. Оған мамандық таңдау, келешекте өз еңбегі арқы-лы Отанға пайда тигізу сияқты коллектив мүшелерiнің жеке перспектива-лары жатады.
Ұйымдасқан коллективтi бipіктірe түсетін, нығайтатын өз дәстүрлері, салттары болуы керек.
Дәстүр – коллектив өмірiнде орныққан, қалыптасқан тәжірибелер. «Дәс-түрлер арқылы тәрбиелеу, оларды сақтау – тәрбие жұмысының аса маңызды міндеті» -, деген едi А.С. Макаренко.
Қазіргі мектептерде мынадай дәстүрлер анықталған:
– дәстүрлі көпшілік шаралар (мектеп мерекелері, олимпиадалар, дәстүрлі жиындар);
– мектеп өмірінің маңызды оқиғаларына байланысты салтанатты жиын-дар (соңғы қоңырау);
– оқушылардың іс-әрекетіне қатысты дәстүрлер. Бұған мысал: барлық шараларды уақтында бастау, өз күшімен жауап беру, нашар үлгеретіндерге көмектесу, ауырған кластасының үйіне барып жағдайын сұрау, тазалықты сақтау, өзін мәдениетті ұстау.
Мектепте қалыптасқан дәстүрлер коллектив дамуының жаңа деңгейінің көрсеткіші болып табылады.


3.2.4. Коллективтің даму сатылары.
Коллективтің дамуы ұзақ та күрделі процесс. Көптеген зерттеушілер коллективтің дамуын 3 кезеңгe бөліп қарастырады.
Бірінші кезең коллективтің қалыптасу сатысы. Бұл кезеңде коллек-тив алдына оқытушы яки тәрбиеші талапты тікелей өзі қояды. Егер талап дұ-рыс қойылып, оның орындалуы бақылап барылса, онда оқытушы коллектив мүшелерін біліп алады, қандай тәрбие методтарын қолдауды анықтап алады, оқушылардың кабілетін анықтайды.
Екінші кезең коллективтің құрылған сатысы. Коллектив дамуының бұл сатысында активтер тобы құрылады. Мұғалімнің талаптарын саналы түсініп, өздеріне қойған бұл талаптарды активтер тобы коллектив мүшелері-не жеткізеді. Оқушылар біртіндеп өзін-өзi басқаруға көшеді. Іс-әрекеттері күрделене түседі. Оқушыларға мұғаліммен қатар акивтер өз тарапынан ин-циатива және белсенділік көрсетіп, тәрбиелік ықпал етіп отырады.

Download 1.31 Mb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   151




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling