Өзбекстан республикасы жоғары және орта арнаулы білім беру уәзірлігі


Download 1.31 Mb.
bet69/151
Sana16.01.2023
Hajmi1.31 Mb.
#1095021
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   151
Bog'liq
Педагогика - учебное пособие

Үшінші кезең коллективтің eң дамыған сатысы. Бұл кезеңде кол-лективте қоғамдық пікір пайда болады. Коллектив мүшелері бірін-бipi қолдап отырады. Ортақ коллективтік істер класты қызықтырады. Кез келген оқушы туралы кластың дұрыс пікірі болады. Осындай кезеңге жеткен коллектив пе-дагогикалық тұрғыдан қарағанда толық мағынасындағы коллектив болып та-былады. Ол коллектившілдікті тәрбиелеу құралы қызметін атқарады және жан-жақты тәрбие берудің қуатты факторына айналады.
Коллектив дамуының барлық кезеңіндe де педагогикалық бақылау, та-лап қою, оқушылардың дербестігін дамыту қатар жүpyi керек.


3.2.5. Жеке адам мен коллективтің өзара әсері.
Коллектив туралы мәселеде жеке адам мен коллектив арасындағы қа-рым-қатынас орталық мәселе болып есептелінеді. Коллективтің жеке адамға
тигізетін тәрбиелік ықпалы күшті. Егер коллективпен жеке адамның қaтына-сы бұйыру, талқылау, қорқыту, сенімсіздік туғызу, күдіктену формасында жүргізілсе, онда коллектив ыдырап көтеді. Жеке адам коллективтен алшақтай бастайды, өзін артықша сезінеді, коллективтің жұмысына араласа алмай қа-лады. Сондықтан жеке адам мен коллектив арасындағы қарым-қатынаста зіл-сіз сөйлеу стилі қолданылуы керек. Тәрбие процесінде оқушыларға жеке-да-ра қатынас жасау талап етіледі.
Бұл салада мұғалімнің басты мiндетi – әрбір баланың коллективтегі по-зициясы қалай болатындығын берiк есте сақтау.
Коллективтiк іс-әрекетте әрбір оқушының іс-әрекеті басқалармен тығыз байланыста болады. Мұндай жағдайда коллективизм сезімі туады. Бұл қа-рым-қатынас басқаның ісіне енжарлық туғызбай, керiсiнше бiр-біріне көмек-тесу, өз жолдасының ісiнe қуану не ренжу, мақтану не намыстану сияқты әртүрлі қатынастар жүйесін туғызады.
Коллективизм сезімі болған жерде коллективтің жеке адамға және жеке адамның коллективке ықпалы күшті болады.


Бақылау сұрақтары:
1. Коллектив дегеніміз не?
2. Коллективтi ұйымдастыру не үшін қажет?
3. Колективтің педагогикалық функциялары қандай?
4. Балалар тобының бірігу дәрежесіне қарай топтасу түрлері қандай?
5. А.С.Макаренко коллективтің алдына қандай мiндеттер қояды?
6. Оқушылар коллективiн ұйымдастырудың жолдары қандай?
7. Перспектива дегеніміз не?
8. Параллелдi ықпал етуге мысал келтiр.
9. Коллективтің даму сатылары қандай?
10. Жеке адам мен коллективтің бірiне-бipi ықпалы қандай болады?
11. Өз коллективің туралы айтып бер.



Download 1.31 Mb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   151




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling