Өзбекстан республикасы жоғары және орта арнаулы білім беру уәзірлігі


Коллективтің педагогикалық функциялары, коллек-тивтің түрлері


Download 1.31 Mb.
bet66/151
Sana16.01.2023
Hajmi1.31 Mb.
#1095021
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   151
Bog'liq
Педагогика - учебное пособие

3.2.2. Коллективтің педагогикалық функциялары, коллек-тивтің түрлері.
Атақты педагог А.С. Макаренко атап көрсеткен коллективтi сипаттай-тын белгілер бүгін де өз мәнін жойған жоқ. Ол белгілер төмендегілер: 1) кол-лектив алдында айқын мақсаттың болуы; 2) барлық коллектив мүшелерiнің қоғамдық мақсатқа бағытталған іс-әрекет жасауы; 3) коллектив мүшелерiнің бірлігі және әрқайсысының өзiндiк пікipi болуы; 4) коллектив мүшелерiнің өз арасындағы мiндеттерді ұқыпты орындауы; 5) қатаң түрде орнатылған тәр-тіптің болуы, оны коллектив мүшелерінің epiктi түрде орындауы; 6) коллек-тивтегі жеке адамдардың өз мүшелерi үшін коллектив алдындағы жауапкер-шілігі; өзара көмек, өзара бақылау, жолдастық сезім, қайырымдылық қарым-қатынастың болуы.
Коллективтің бұл сипаттары, белгілерi коллективтің даму, өсу, қалыпта-су жолында бip-бірімен тығыз байланыста құралады. Сөйтіп барып жоғары дәрежеде дамыған коллектив тәрбиелеу функцияларын орындай алады. Кол-лективтің педагогикалық функциялары мыналар: 1) ұйымдастырушылық – балалар коллективі өзінің қоғамдық пайдалы жұмысын басқару субъектіне айналады; 2) тәрбиелеушілік – балалар коллектитві белгілі бір идеялық-адам-гершілік сенімдерді насихаттаушыға айналады; 3) ынталандырушылық (жағдай жасау) – коллектив барлық қоғамдық пайдалы стимулдарды қалып-тастыруға мүмкіндік туғызады, өз мүшелерінің мінез-құлқын, ара қатынасын реттейді.
Л.И.Уманскийдің зерттеуінше, балалар және жасөспірімдер тобы даму дәрежесіне қарай коллектив болғанға дейін төмендегі топтарға бөлінеді:
1. Коллектив болып қалыптасудың төменгі дәрежесі конгломерат (кез-дейсоқ қосылған) - топ. Бір кеңістікте, бір уақытта топтасқан, формалды түр-де ұйымдасқан балалар тобы осылай аталады. Мысалы, лагерге келген бала-лардың алғашқы кезеңі. Мектепте мұндай топ өте аз кездеседі.
2. Алғашқы ұйымдасу болғаннан кейін топ мүшелеріне міндеттер жүкте-леді. Сөйтіп ол топ ассоциация (құрама) - топқа айналады. Бұл дәрежеде коллективтік құрылымның кірпіші қаланады.
3. Ұйымдасуы жағынан жоғары дәрежедегі топты кооперация (бірлес-кен) - топ деп атайды. Бұл топта әрбір мүше өз міндетін орындауда жоғары нәтижелер көрсетеді.
4. Автономия (дербес) - топ жоғары дәрежедегі ішкі бірлесумен және жалпы қасиеттермен сипатталады. Бұл дәреже «менің тобым» деген сезімді әрбір мүшеде оятады.
Бірақ өзге топтардан оқшауланып, өздерімен-өздері болып кетсе, онда бұл топ корпорация (одақ) - топқа айналады.
Ал өзара басқа топтармен қарым-қатынаста болып, қоғамның белді мү-шесіне айналса, онда бұл топ коллектив-топқа айналады.

Download 1.31 Mb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   151




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling