Мектептің оқушылар коллективі адамдардың коллективтiк бiрiгуiнің ерекше ұйымдық формасы болып табылады. Оқытудың кластық-сабақтық жүйесiне орай бip жастағы және білімдерi бiр деңгейдегі барлық оқушылар кластарға бiрiктірілген. Сондықтан оқушылар коллективі класс коллективі деп те аталады. Оқушылар коллективін оқу ісi бipiктipeдi.
Педагогтар коллективі, класс коллективтерi және оқушылардың мек- тептегі қоғамдық ұйымдары мектеп коллективін құрайды.
3.2.3. Мектепте балалар коллективін ұйымдастыру жолдары.
Оқушылар коллективі оқу процесінде, еңбекте, мәдени және спорт жұ-мыстарында қалыптасады.
Оқушылар коллективін ұйымдастыруды ең алдымен талап қоюдан бас-тайды. Оқытушы балаларды зерттеп біліп алғаннан кейін, оларға талап қоя-ды. Талап түсінікті, нанымды, балалар орындай алатындай болуы керек. Та-лапты нықтап, жігерлi түрде айту керек және оның орындалуын бақылап отыру керек. Талап біртіндеп қиындатылады.
Коллективтi ұйымдастырудың басты шарттарынын бipi – активтермен жұмыс істеу.
Коллективтi тәрбиелеуде коллективтен активтерді iрiктеп алудың, олар-мен жұмыс iстеудің маңызы зор. Басында активтер көп болмауы керек. Бе-делді, ұқыпты, колынан iс келетiн оқушылардан іріктеп алынған активтер то-бымен мұғалім санасып іс алып баруы керек. Оларға тапсырмалар беріп, мә-селелердi талқылап отыру керек. Сонда бүкіл класс активтердің айтқандарын тыңдайды. Активтердің беделін нығайтып отыру арқылы мұғалім оқушылар-ды олардың маңына топтастыра түседi. Бірақ активтермен ғана істеп, оқушы-лардың пікірімен санаспауға болмайды. Оқушылармен де ақылдасып отыру қажет, ал активтерді көбірек көмекке шақыру тиімді.
Коллективтi ұйымдастыру және тәрбиелеудің тағы бір жолы – параллел-ді ықпал ету.
А.С.Макаренко жеке адамға әpi коллектив активінің, әpi мұғалімнің қа-тар талап қоюын параллелдi әсер ету принципі деп атаған.
Мұғалімнің оқушыға талап қоюы коллектив, коллективтің активтері ар-қылы жүргізілсе, онда коллектив нығайып, өce бастайды.
Оқушылар коллективін құрудың және нығайтудың маңызды жолының бірі – коллектив алында мақсаттың - перспективаның болуы.
Коллективпен істеудің теориялық негізiн салған А.С.Макаренко коллек-тив алдында мақсат тұрса ғана, коллектив мүшелерiнің бәрiнде перспектива айқын болса ғана, коллектив алға жылжып отырса ғана, ол өмір сүре алады деген еді. Ол оқушылар коллективiнің алдында жақын, орта және алыс перспективалар болатынын көрсеткен.
Do'stlaringiz bilan baham: |