Өзбекстан республикасы жоғары және орта арнаулы білім беру уәзірлігі


Оқу орындары, семья және жұртшылықтың бiрлескен тәрбие жұмысы


Download 1.31 Mb.
bet70/151
Sana16.01.2023
Hajmi1.31 Mb.
#1095021
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   151
Bog'liq
Педагогика - учебное пособие

3.3. Оқу орындары, семья және жұртшылықтың бiрлескен тәрбие жұмысы.
3.3.1. Қазiргi дәуірде тәрбие жұмысын бірлесіп жүргізудi жетілдiру мәселелері.
Өсіп келе жатқан жас ұрпақты жан-жақты тәрбиелеу, олардың интел-лектуал қабілетiн дамыту, оларда жоғары адамгершілік қасиеттерді қалып-тастыру – қазіргі күннің ең өзекті мәселелерінің бiрi.
Республикамыздың Президенті И.А. Каримов тәуелсіздігімідің алғашқы күндерінен бастап-ақ жастар тәрбиесіне баса назар аударып келеді. Бұл жө-нінде бірнеше қаулы мен заңдар қабылданды. Әсіресе «Білім беру туралы» Заң мен «Кадрлар даярлаудың ұлттық программасы» қабылдануының маңы-зы зор.
Жас ұрпақ тәрбиесiнің мемлекетік саясат дәрежесiне көтерілуі үлкен мәнге ие. Себебі бала тәрбиесі баршаның ісi болуы керек. Егер мектептің яки семьяның өзiне ғана жүктеп қойсақ, бала тәрбиесiнде aқcay пайда болады.
Баланы тәрбиелеуде, оның өмірге көзқарасын қалыптастыруда семья-ның, жергілікті қоғамдық ұйымдардың, өндіріс орындары өкілдерінің және ол білім алатын мектептің тәрбиелiк жұмыстарды бiрлесе, кеңесе отырып жүргізуiнің тәрбиелiк ықпалы күштi. Бұлардың бiрлесе отырып ұйымдасты-ратын қызықты кездесулері, саяхаттары, туған жердің тарихын үйрену, таби-ғатын қорғау, тазалығын сақтау бойынша шаралары, ұлттық салт-дәстүрлер-ді, әдет-ғұрыптарды үйрену бойынша мәдени iстерi, әлемнің толғақты мәсе-лелерi бойынша сұхбаттары т.с.с. жас өспірімдердi жан-жақты тәрбиелеп қа-на қоймайды, оларды ғасыр індеттері – нашақорлық, СПИД, жыныстық аз-ғындық, маскүнемдiк, діни-экстремистiк ағымдардан сақтайды. Баланың өсіп-жетілyiнe ықпал етуші барлық тәрбиелiк құралдар бір мақсат жолында біріксе, балаға сырттан ешқандай күш әсер етпейді. Оның айналасын қорша-ған орта – әке-шешесi, мектебi, дос-жолдастары, ауыл-аймақ, ақпарат құрал-дары баланы мәпелеп өcipeдi, қоғамға пайдалы азамат етiп тәрбиелейді.
Міне, сондықтан жан-жақты жетілген жастарды тәрбиелеуде мектеп, семья және жұртшылықтың өзара бiрлесуiне талап күшейiп отыр. Мектеп тәрбие жұмысын педагогикалық жағынан дұрыс жүргізетiн тәрбиешілерге және мүмкіндіктерге ие. Ал мектептен тыс жүргізілетiн тәрбие жұмыстары барлық уақыт та педагогикалық-психологиялық заңдылықтарға тура келе бермейдi, мектептің талаптарына сай бола бермейдi. Нәтижеде мектептің оқушылармен алып баратын тәрбиелік жұмыстарының әсері бәсеңдейдi. «Аққу, шортан һәм шаяндағы»ға ұқсап бала екі ортада қалады. Мектептің алдында да, семьяның алдында да проблема пайда болады. Жұртшылық кiмдi айыптарын білмейдi. Бұдан қоғам зардап шегеді. Ал бала қоғамда өз орнын таба алмай әлек болады. Осындай келеңсiз оқиғаларды болдырмау үшін мек-теп, семья, қоғамдық ұйымдар және өндipіс орындары өзара бірлесіп тәрбие жұмыстарын алып баруының мәні үлкен. Қазіргі күнде ауылдық кеңестерде, махаллаларда, кварталдарда балалар және жасөспірiмдермен жұмыс істейтін бөлiмдер бар. Сондай-ақ, кәмелетке толмаған балалармен iстейтін инспек-циялар да бар. Бұл қоғамдық ұйымдар жергіліктi жердегі жұртшылықпен бi-piгіп тәрбиелік жұмыстарының бағытын мектептің тәрбие жұмыстарына бұр-са, ата-аналармен бipгe бала тәрбиесiне жауапкер екенiн сезiнсе, онда қоғам-ға шын мәнiндегі салауатты, дені-басы сау, рухы сергек, адамгершілік қа-сиеттері жоғары, білімді, еңбексүйгiш, Отаны, халқы, ата-анасы алдындағы жауапкершіліктi сезінетін азаматты жетілдiрiп берген болар едік.

Download 1.31 Mb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   151




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling