3.3.3. Еңбек коллективтерінің және жұртшылықтың тәрбие iсiне қатысуы.
Еңбек коллективтері мектептің оқу-материалдық базасын күшейтуде, оқушылармен тәрбие жұмысын алып баруда, балалардың семьядағы тәрбие-сін біліп, бала тәрбиесіне немқұрайлы қарайтын ата-аналарға ықпал жасауда мектеп пен семьяға көмектеседі.
Еңбек коллективтерінің өкілдері оқушылардың арасында сұхбаттар өткі-зеді, ішкі және сыртқы саяси мәселелер, халықаралық проблемалар бойынша лекциялар оқиды. Бұл оқушылардың саяси санасын жетілдіре түседі. Ал ең-бек озаттарымен кездесу, олардың жұмыс орнына саяхат оқушылардың өмір тәжірибесін кеңейтеді, кәсіптік бағдар береді.
Мектеп, семья және жұртшылықтың байланысын нығайту үшін өндіріс орындарында, микроаудандарда, махаллаларда, ауылдық кеңестерде семья мен мектепке көмек кеңесі құрылады. Бұл кеңестің жұмыс мазмұнына мы-налар жатады: мемлекетіміздің тәуелсіздік идеяларын насихаттау, кәмелетке толмаған балалар ісімен айналысатын комиссиялармен байланыста болу, «қи-ын» семьялар мен балаларға қамқорлық жасау, еңбек коллективтері өкілдері-нің педагогикалық мәдениетін арттыра түсу, бала тәрбиесіне деген жауапкер-шілікті көтеру, мектеп жасындағы балалардың міндетті орта білім алуын қам-тамасыз етуге көмектесу, мектептің оқу-материалдық базасын нығайту, клас-тан және мектептен тыс тәрбие жұмыстарына қатысу, оқушылардың демалы-сын ұйымдастыру т.б.
Қазіргі күнде жергілікті басқару органдарына бала тәрбиесi үшін үл-кен жауапкершілікті жүктеп, үкіметiмiз тікелей қадағалап отыр. Махаллалар-да, кварталдарда, ауылдарда балалар үшін спорт алаңдары, үйірмелер, мәде-ниет үйлері жұмыс iстеп тұр. Мұнда балалар бос уақыттарында спорт, өнер, кәсіп түрлерімен айналысады. Cоңғы жылдары жұртшылықтың атсалысуы-мен оқушылардың бос уақтында түрлі жұмыстар өткізілуде. Атап айтсақ, «Махалламыз балалары», «Салауатты ұрпақ жарыстары» т.б.
Әрбір ауылда, махаллада, көп кабатты үйлердің қасында «Ақсақалдар кеңесі» құрылған. «Ақсақалдар кеңесі» әрбiр үйге барып, олардың тұрмыс-тіршiлiгiмен танысады, балаларының бос уақыттарында немен шұғылдана-тынын үйренедi, олардың жүріс-тұрысын бақылайды.
Бұл ұйымдастырылып жатқан шаралардың барлығы өсіп келе жатқан ұрпақ тәрбиесінде ағаттық жіберiп алмау мақсатын көздейдi.
Егер мектеп, семья, жұртшылық бірлесіп тәрбие жұмыстарын жүргізсе, онда тәрбиелiк ықпалдың күші әлдеқайда жоғары болады.
Do'stlaringiz bilan baham: |