Өзбекстан республикасы жоғары және орта арнаулы білім беру уәзірлігі
Download 1.31 Mb.
|
Педагогика - учебное пособие
- Bu sahifa navigatsiya:
- Ұлттық идея
- Ұлттық сана
- Ұлттық мақтаныш
Ұлттық идея – республикамыздың тәуелсiздігін бекiте түсу, Өзбекстан-ды келешекте ұлы мемлекетке айналдыру, адамдардың құқықтарын қорғау, әлеуметтік әділеттілікті, демократияны орнату, халқымыз және мемлекетіміз тәуелсіздігі проблемаларын шешуді бipiншi орынға қою мақсатына қаратыл-ған, ғылыми негізделген түрлі білімдер мен тұжырымдардың белгілі систе-масы.
Ұлттық идея халықтың ұлттық мүдделерінен келіп шығып, оны өзінде көрсетеді. Ал, мемлекетiміздің ұстанып отырған ұлттық идеологиясының мәні мынадай: республикамызда жасайтын ұлттар мен ұлыстардың жалпы мүдде- сiн белгілеуші және олардың басын бipiктipiп бiр негізгі мақсатқа, яғни тәyел-ciздікті берік етуге үндейтін ұлттық идеялар, білімдер жиынтығы болуында. Ұлттық идеология адамдарда ұлттық мәдениеттің, ұлттық сананың, ұлт- тық мақтаныштың, ұлттық татулықтың дамуына маңызды әсер етеді. Осы- лардың негізінде әрбір адамның туған жерге деген махаббаты, өзінің ұлттық салт-дәстүрлеріне, әдет-ғұрыптарына мақтаныш сезімi күшейедi. Ұлттық сана – ұлттық мәдениеттің ұлт мүддесімен, ұлт келешегімен, өркениетпен байланысты болған мәселелерiнің адам санасындағы көpiнісi. Ұлттық сананың қалыптасуы өте күрделі процесс. Ол ұлттық мәдениет негізiнде қалыптасады. Ұлттық мақтаныш дегеніміз – өз халқының тарихын, рухани байлық-тарын, бүгінгі күні мен келешегін білу және қадірлеу, оларды мақтаныш ету, ұлттың мүддесi үшін қызмет ету, басқа халықтармен дос-тату өмір сүру, олардың да ұлттық қадір-қасиетін, тарихын, мәдениетiн құрметтеу. Жоғарыда айтылған ұлттық идея мен ұлттық идеологиядағы ең қажетті заңдар, ережелер және идеяларды жүзеге асыруда тәлім-тәрбиенің ролі өте үлкен. Қоғамның дамуы мен жеке адамның жан-жақты жетілуi үшін зәру бол-ған рухани және моралдық пәктiк, иман, ынсап, ар-намыс, мейip-шапағат, қарттарды сыйлау сияқты адамилық қасиеттер өз-өзінен пайда болмайды. Бұ-лардың барлығы семьяда және мектепте берiлетiн тәлім-тәрбие арқылы қа-лыптасады. Сондықтан жас ұрпаққа берілетін тәлім-тәрбие мазмұнында ұлттық идеология орын алуы керек. Мектепте оқытылатын әрбір пән арқылы, тәр-биелiк шаралар арқылы ұлттық идеологияны оқушылардың бойына сіңіріп бару керек. Download 1.31 Mb. Do'stlaringiz bilan baham: |
Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling
ma'muriyatiga murojaat qiling