Өзбекстан республикасы жоғары және орта арнаулы білім беру уәзірлігі


Download 1.31 Mb.
bet83/151
Sana16.01.2023
Hajmi1.31 Mb.
#1095021
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   151
Bog'liq
Педагогика - учебное пособие

Теориялық ойлау білімдерді жоғары дәрежеде жинақтап меңгеруге қа-білеттілік және білім салалары дамуының принциптері мен ғылыми негізде-рін түсінумен сипатталады.
Индуктивтік ойлау жеке пікірлерден жалпы қорытындыға, деректерден жинақтауға келу арқылы пайда болады.
Дедуктивтік ойлау жалпыдан жекеге өтетін ойлау процесімен байла-нысты болады.
Алгоритмдік ойлау – белгіленген нәтижені қамтамасыз ететін нақты әрекеттерді қатаң орындауға нұсқау беру арқылы жұмысты орындау.
«Ақыл-ой күші» дегенде адамды білім қорын жасауға, негізгі ойлау операцияларын жүзеге асыруға, нақты интеллектуалдық іскерліктерін меңге-руге көмектесетін ақыл-ойының даму дәрежесі түсініледі.
Ақыл-ой тәрбиесінің міндеттері:
– ойлау қызметінің шарты болатын білім қорын жинау;
– негізгі ойлау операцияларын меңгеру;
– интеллектуалдық қабілетті сипаттайтын интеллектуалдық іскерліктер-ді қалыптастыру;
– ғылыми дүниетанымды қалыптастыру.
Білім қоры деп фактілер, терминдер, символдар, атаулар, түсініктер, заң-дар, заңдылықтар, формулалар, даталар (атаулы күндер) сияқты оқу мате-риалдарын айтады.
Ойлау операциялары: анализ, синтез, салыстыру, классификациялау.
Анализ – бүтінді бөлшектерге бөліп, жеке-жеке талдау.
Синтез – заттың жеке бөлшектерін белгілеріне және қасиеттеріне қарай бірітктіру.
Салыстыру – нәрселер және құбылыстар арасындағы ұқсастықтарын не-месе айырмашылықтарын анықтау.
Классификациялау - нәрселер және құбылыстарды арасындағы ұқсас-тықтары немесе айырмашылықтары бойынша топтау.
Интеллектуалдық іскерліктерге оқу, тыңдау, өз пікірін баяндау, жазу, кітаппен жұмыс істеу жатады.
Дүниетаным – табиғат, қоғам, сана және жеке адам қызметінің дамуын белгілейтін диалктеикалық көзқарастар мен сенімдер жүйесі.
Ақыл-ой – кең мағынада алғанда сезу және қабылдаудан бастап сана және қиялды өз ішіне қамтыған таным процесінің жиынтығы.



Download 1.31 Mb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   151




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling