Өзбекстан республикасы жоғары және орта арнаулы білім беру уәзірлігі


Ғылыми дүниетанымның негізгі компоненттерi. Оқу-тәрбие процесінде ғылыми дүниетану негіздерін қалыптастыру


Download 1.31 Mb.
bet81/151
Sana16.01.2023
Hajmi1.31 Mb.
#1095021
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   151
Bog'liq
Педагогика - учебное пособие

3.5.2. Ғылыми дүниетанымның негізгі компоненттерi. Оқу-тәрбие процесінде ғылыми дүниетану негіздерін қалыптастыру.
Дүниетаным дегенде адамның өзiн қоршап тұрған табиғат және әлеумет-тік орта туралы (ғылыми-материалистiк білімдер негізiндеп) сана-сезімі түсі-ніледі.
Ocыған орай ғылыми дүниетанымның құрылымдық компоненттерiне мыналар жататынын ғылыми зерттеулердің нәтижесi көрсетуде:
1) ғылыми білiмдер жүйeci;
2) көзқарас;
3) сенім;
4) адамның арман-мұраты;
5) теориялық ойлау.
Ғылыми білiмдер дүниетанудың объектив компоненті болып, ғылыми шындықтар системасынан тұрады. Ғылыми білім арқылы адам табиғаттың және қоғам құбылыстарының объективтi жақтарын зерттейдi, түсінедi, ұғы-нады.
Көзқарас – қоғамдағы және табиғаттағы құбылыстарға өз қатынасын білдіретін адамның қорытынды ойы, тұжырымы.
Сенім – бұл адамның терең ұғынуы және өз басынан өткiзгендерiнің жиынтығы. Ceнiм адамның бойына нық орнап, қалыптасқан өмірлік позиция-сы, оның берiктiгін айқындайды, мінез-құлқын сипаттайды.
Адамның мұраты (идеалы) – бұл адамның өмірге ұмтылуы, талапта-нуы, мақсаты.
Теориялық ойлау – білімдердi, шындық құбылыстарды творчестволық меңгеру, дүниетанымды жетілдіру мен сенімдердi іске асыруға ерікті бағыт-тау бойынша адам қасиеттерiн дамыту.
Дүниетанымның қалыптасуы ұзақ және күрделі процесс, оның барысын-да жеке көзқарастар және сенім жүйесi дамиды, қалыптасады, олар жеке адамның әрекет жасауына басшылық жасайды. Дүниетанымның қалыптасуы-на әр түрлі факторлар, орта мен тәрбие, ақпарат құралдары, ең бастысы, тұтас компелкстi ұйымдастырылған оқу-тәрбие процесі әсер етеді.
Барлық оқу пәндерiнің екі педагогикалық мiндетi бар. Тура мiндетi – бел-гілі бip ғылымның заңдылығын ашу және факторын үйрету. Жанама мiндетi – факттар мен заңдарды дүниетанымның тұтас системасына енгiзу.
Оқу-тәрбие процесінде дүниетанымды қалыптастыру:
1) табиғи-математикалық пәндер циклы әлемнің, табиғаттың материа-листік идеясын ашады;
2) қоғамдық-гуманитарлық пәндер циклы адам қоғамы, оның заңдылығы мен дамуы туралы белгілі бip факторды береді;
3) искустволық пәндерді үйрену адамгершілік-эстетикалық сезімді қа-лыптастырады;
4) өнердің әр түріне қатысу творчестволық қызметтi дамытады;
5) қоғамдық пайдалы және өнімдi еңбек еңбекке көзқарасын қалып-тастырады.

Download 1.31 Mb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   151




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling