Рухани-адамгершілік тәрбиесі дегеніміз – оқушылардың бойында мі-нез-құлықтың белгілі бip сипаттарын қалыптастыру және олардың өздерінің де бір-біріне, семьяға, басқа адамдарға, мемлекетке деген қатынасын анық-тайтын мінез-құлық нормалары мен ережелерін дамыту жөніндегі тәрбиеші-лердің арнаулы мақсат көздеген қызметі.
Адамгершілік – латынның мораль деген сөзінің баламасы.
Мораль дегеніміз – адамдардың бip-біріне және қоғамға деген міндет-тері мен қатынастарын айқындайтын ортақ тұрмысы мен мінез-құлқының нормалары және ережелерiнің жиынтығы.
Рухани-адамгершілік тәрбиенің мақсаты – рухани-моралдық жағынан жетілген, адамгершілік қасиетке ие жеке адамды тәрбиелеу.
Рухани-адамгершілік тәрбиенің негiзгi мiндеттерi мыналар:
– жас ұрпақты қоғамда қабылданған моралдық нормаларға мойынұсы-нып жасауға үйрету;
– адамгершілік сананы, тұрақты адамгершілік сенiмдi, көзқарасты тәр-биелеу;
– жас ұрпақтың Отанға, қоғамға, еңбекке, адамдарға, өзiне деген қа-рым-қатынасына бағыталған адамгершiлiк сезімдi тәрбиелеу, дамыту;
– рухани байлықтарды оқушылардың бойына сіңіру арқылы олардың рухани дүниесiн қалыптастыру;
– ізгілік, парасатылық қасиеттерiн тәрбиелеу. Жеке адамның адамгер-шілік жағынан қалыптасу процесiнде адамгершілiк сезімдер ерекше орын алады.
Сезім дегенiмiз – әлеуметтiк және табиғи өмірдің сан алуан жақтарына эмоциялық қатынас. Жоғары сезімдер арасында адамгершілік сезімдер ерек-ше орын алады.
Адамның адамгершілік санасының дәрежесі оның мінез-құлқы мен іс- әрекетiн анықтайды. Сананың қалыптасуы ұзақ та күрделі процесс. Бiрiншi класс оқушысына басқалармен санаса білуді үйрету, жұмыста бiр-бiрiне ке-дергі болмауды түсіндiру қажет.
Адамгершілік сенім адамның білімiнің негізінде туындайды. Жеке адамның адамгершілік сенімін қалыптастыру үшін адамгершілік ереже, нор-малар, мінез-құлық қасиеттері туралы арнайы ағарту жұмысы болуы керек.
Адамгершілік ағарту жұмысы адам баласының ең парасатты қасиеттері, адам өмірiнің адамгершілікке негізделген салт-санасы туралы кең, жан-жақ-ты түсінiк беpeді.
Do'stlaringiz bilan baham: |