Өзбекстан республикасы жоғары және орта арнаулы білім беру уәзірлігі
Құқықтық тәрбиенің мақсаты, міндеттерi
Download 1.31 Mb.
|
Педагогика - учебное пособие
3.6.3. Құқықтық тәрбиенің мақсаты, міндеттерi.
Өзбекстан – тәуелсiз, демократиялық, құқықтық мемлекет. Адамилық ережелерге негізделген Өзбекстанда ұлты, діні, әлеуметтік жағдайы және сая-си сенiміне қарамастан әрбір азамат тең құқықты. Оқушы өзі жасап жатқан қоғам, мемлекет, оның заңдары, қағидалары ту-ралы түсінікке ие болуы және оған бой ұсынуы қажет. Өзінің құқықтары мен міндеттерін білуі және оны бұзған жағдайда жауапкершілікке тартылуын бі-луi керек. Егер оның құқықтарын аяқ асты еткенде, құқықын қорғайтын ор-гандарға мәлім қылудың жол-жорығын, заңдылықтарын біліп алуы керек. Оқушылар, әсіресе жоғары класс оқушылары, мыналарды білуi керек: – Өзбекстан Республикасының Президенті, Бас Уәзірі лауазымдарын, Президент аппараты, Уәзiрлер кабинеті, Үкiмет және басқа органдардың мән-мазмұнын, құқықтық статусын, бұлардың адамның күнделiктi өмірiне қажет-тілігін; – Өзбекстан Республикасы заңын қорғау мекемелерiнің құрылсын; – Өзбекстан Республикасы БҰҰ-ның толық тең құқықты мүшесi ретiнде халықаралық құқықтық статусын және осыған негізделе адам құқықтарына бой ұсыну міндеттерiн. Өсіп келе жатқан жас ұрпақтың құқықтық санасы мен құқыққа мойын-ұсынатын құлқын қалыптастыру – азаматтық тәрбиенің құрамдас бөлігі. Құқық – мемлекет шығарған немесе бекіткен орындалуы мемлекеттік аппараттың күшімен қамтамасыз етіліп отыратын жалпыға бірдей тәртіп ережелерінің, нормаларының жиынтығы. Құқық адамдардың бостандықтары мен міндеттерін жариялап, оның амалға асуына заң жүзінеде кепілдік береді. Құқық нормалары адамдардың іс-әрекеттері мен мінез-құлықтарының қоғамда белгіленген тәртіпке, қабылданған ережелерге сай келуін талап етеді. Құқықтық мемлекеттiң азаматында құқықтық сананы, құқыққа бой ұсы-натын мінез-құлықты қалыптастыру – құқықтық тәрбиенің басты мақсаты. Құқықтық тәрбиенің міндеттері мыналар: – оқушыларға Конституцияны, мемлекет туралы тағылымды ұғындыру; – балаларды адлиялық білімдердi игеруге, үкімет заңдарын құрметтеуге үйрету; – жасөспірімдердің мінез-құлықтары мен жүріс-тұрыстарын заң талап-тарына сай қалыптастыру; – жасөспірімдердің азаматтық белсенділігін қалыптастыру; – халықаралық құқық мәселелерiмен шұғылданатын ұйымдар қызметі-мен таныстыру. Кейде қоғамдық орындарда балалардың, жасөспірімдердің, жастардың былапыт сөздер айтып, бар дауыстарымен даурығып жатқанын көреміз. Авто-бустарда қол телефонымен айғайлап сөйлесіп жатқанын немесе музыкасын қатты қойып төңіректегілерге кедергі келтіріп бара жатқанына куә боламыз. Оқушылар арасында топ-топ болып төбелесулер де орын алып тұрады. Бұла-дың барлығы қоғамның құқықтық нормаларын бұзудың бір көрінісі. Қоғам тарапынан белгіленген құқықтық норманы бұзғандар жауапкершілікке тартылады. Құқық бүкіл қоғам және сол қоғамда жасайтын әрбір адамның өмірін қамтиды. Сондықтан әрбір адам құқықтық нормаларды біліп қана қоймастан, олардың талаптарын орындауы міндетті болып саналады. Мұның үшін өте ерте жастан жеке адамның құқықтың санасын қалыптастыру, құқықтық мәдениетін тәрбиелеу қажет. Download 1.31 Mb. Do'stlaringiz bilan baham: |
Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling
ma'muriyatiga murojaat qiling