Өзбекстан республикасы жоғары және орта арнаулы білім беру уәзірлігі


Мектепте еңбек тәрбиесінің жүйесі


Download 1.31 Mb.
bet94/151
Sana16.01.2023
Hajmi1.31 Mb.
#1095021
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   151
Bog'liq
Педагогика - учебное пособие

3.8.2. Мектепте еңбек тәрбиесінің жүйесі.
Мектепте оқушыларға еңбек тәрбиесін беруде мынадай еңбек жүйесі қолданылады:
1. Оқу процесіндегі еңбек оқу еңбегі оқушылардың еңбегінің негізгі түрі. Бұл еңбек ақыл-ой және epiк-жігерді талап етеді. Оқу еңбегінің нәтижесі оқушының өзіне бірден білінбейді.
Еңбек тәрбиесінде еңбек сабағының мәні зор, онда оқушылар еңбек опе-рацияларын меңгереді.
2. Кластан тыс жұмыс процесіндегі еңбек тәрбиесі. Еңбек тәрбиесін жүзеге асыруда кластан тыс жұмыстардың мүмкіншілігі мол. Оқудан тыс уақытта «Шебер қолдар» үйірмесіндегі, натуралистік, тәжірибелік, техника-лық т.б. үйірмелердегі жұмыстар еңбек әрекетін қамтиды. Пән үйірмелерін-де оқушылардың ақыл-ой жұмыстары дене, қол еңбектерімен ұштасады. Оқу-шылардың қызығушылығын, қабілетін, творчествосын дамытады.
Оқушылар өндipіс озаттарымен кездесулер өткізеді, «Құстар күні», «Ал-тын күз» күндеріне қатынасады. Еңбек мейрамдары, жәрмеңкелер өткізіледі.
3. Оқушылардың өзін-өзi күтуіне байланысты еңбегі. Еңбек тәрбиесі-нің жүйесінде оқушылардың өзін-өзі күтyi кең орындалады. Оқушылар оқу жабдықтарын жөндеуге қатынасады, кластарды ретті және тазалықта ұстай-ды. Мектеп участогіндегі жұмыстарға араласады.
Өзін-өзі күтуге қатынaca отырып оқушылар еңбек етуді, ересектердің еңбегін бағалауды үйренеді, оларда қоғамдық мүлікті қopғay қамқорлығы дамиды.
Өзін-өзі күту еңбегі үйде де жүргізіледі Мысалы, төсек-орынды жинас-тыру, киімдерін таза ұстау, бөлмедерді тазалау.
4. Оқушылардың қоғамдық пайдалы еңбегі. Оқушылар өз кластарын көркейтуге, табиғатты қорғауға, мектеп маңайын көгалдандыруға, қағаз бен металл жинауға т.б. қатысады.
Еңбектің бұл түріне қатысу арқылы оқушылар қоғамшыл, коллектившіл болып, жалқаулық, кертартпалықтан арылады.
5. Өнімді еңбек процесіндегі еңбек тәрбиесі. Оқушылардың, әсіресе жо-ғары класс оқушыларының өнімдi еңбекке қатысуы – еңбеккерлерді тәрбие-леудің шарты. Мектеп участоктарында, шеберханаларында заттар дайындай-ды. Өндірістік бригадаларда, мал шаруашылығында жұмыс істейді



Download 1.31 Mb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   151




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling