Өзбекстан республикасы жоғары және орта арнаулы білім беру уәзірлігі
Download 1.31 Mb.
|
Педагогика - учебное пособие
- Bu sahifa navigatsiya:
- 3.8. Еңбек тәрбиесi. 3.8.1. Еңбек тәрбиесінің мақсаты, мiндеттерi.
- Еңбек тәрбиесінiң мiндетi
Бақылау сұрақтары:
1. Жеке адамның руханияты, ұлттық руханият дегенiмiз не? 3. Оқушыларда моралдық (адамгершілік) қасиеттерді қалыптастырудың жолдары қандай? 4. Адамгершілікке тәрбиелеуде ұлттық салт-дәстүрлер, әдет-ғұрыптар, ислам дінi қандай роль атқарады? 5. Оқушыларға жыныстық тәрбие беруден мақсат не? 6. Оқушылардың тәртiптілігi және мінез-құлық мәдениетінің ережелері қай жерде белгіленген? Олар туралы түсінiк бер. 3.8. Еңбек тәрбиесi. 3.8.1. Еңбек тәрбиесінің мақсаты, мiндеттерi. Адамзат пайда болғалы еңбек етеді. Еңбектің арқасында адамның ақыл-ойы, сана-сезімі, денесі дамыды, әлеуметтік тұрмысы жақсарды. Біздің эра-мызға дейінгі зороастризм дәуірінде жастарды еңбек етуге дағдыландыру, жас кезiнен бip кәсіпке баулу ісi жүргізілгенi бізге « Авестодан» мәлiм. Қазақ халқы жастарды еңбекке үйретуге көп көңіл бөлгені халық педа-гогикасы үлгілерiнен көрінеді. Мәселен, халық мақал-мәтелдерінде еңбекке баулу мәселелерi кең ашылған. «Бейнетің қатты болса, татқаның тәтті бо-лар». «Еңбекпен ел көгерер, жаңбырмен жер көгерер». Орта ғасырда өмір сүрген ұлы ғұлама Абу Али Ибн Сино жастарды жан-жақты жетілдiруде еңбек тәрбиесiнің ролi үлкен екенiн өз еңбектерiнде ашып берді. Данышпан ақын Абай өзiнің өлеңдерінде де, қара сөздерiнде де еңбек қараңғылықтан, надандықтан алып шығатын бірден бір жол деп көрсетті. Сонымен, еңбек материалдық және рухани байлықтардың көзi, адам өмі-рiнің бiрiншi шарты екен. Мектепте оқушыларға еңбек тәрбиесiн беру арқылы олардың еңбекке адамгершілік қатынастарын қалыптастырады. Еңбек тәрбиесінің мақсаты – оқушыларда еңбекке, еңбек адамына құр-меттi тәрбиелеу; оларды қазіргi заман өндiрiсiмен, ауыл шаруашылығымен, құрылысымен, транспортымен таныстыру. Еңбек ету дағдысы мен iскерлiгін қалыптастыру, мамандық таңдауға ба-ғыттау. Еңбек тәрбиесінiң мiндетi: – оқушыларды еңбексүйгіш, еңбек адамын құрметтейтін, еңбектің өмір-лік қажеттілігін саналы түрде түсінетін етіп қалыптастыру. – ой еңбегі, дене еңбегі, қоғамдық еңбек белсенділігі мәдениетінің іс-керлігі мен дағдыларын қалыптастыру; – кәсіби қызметтің қажетті және шамаға лайықты түрін орындауға дай-ындау; – жалқаулық, жатып ішерлік, тәртіп бұзарлық сияқты жаман індеттерге төзімсіздікті тәрбиелеу. Еңбек тәрбиесі процесінде әр салалы еңбек ету сапасы қалыптасады. Коллектившіл еңбекке практикалық қана емес, адамгершілік даярлық қалып-тасады, адамдарғa құрмет, жолдастық өзара көмек, коллективизм қасиеті тәр-биеленеді. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай еңбек бірте-бірте күр-делене түседі. Download 1.31 Mb. Do'stlaringiz bilan baham: |
Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling
ma'muriyatiga murojaat qiling