3.11.2. Экономикалық тәрбие берудің жолдары.
Мектепте алғашқы экономикалық білім экономикалық пәндер арқылы беріледі Оған математика, физика, химия, биология т.б. жатады. Тарих, қо-ғамтану, экономикалық география пәндерi арқылы оқушылар өндiргiш күш пен өндірістiк қатынастың даму заңдылығын, үкіметтің экономикалық саяса-тын түсінеді. Еңбек оқуы мен өнімді еңбек процесiнде оқушылар экономика-лық дайындық алады. «Экономика негіздері» пәнін үйрену процесінде эконо-микалық түсініктерді, категорияларды және өндірісті дамыту заңдылықтарын меңгереді.
Мектепте экономикалық тәрбие берудің формалары мынадай:
– экономикалық проблемалар туралы әңгімелесу, лекция, пiкiрталас, конференция;
– экономикалық білім саласынан лекторийлер, семинарлар, үйірмелер, клубтар;
– еңбек ардагерлерiмен, өндіріс озаттарымен кездесу ұйымдастыру;
– оқушылардың өзін-өзі қызмет ету еңбектері, қоғамдық пайдалы жұ-мыстары.
Экономикалық тәрбиеге арналған «Еңбек өнімділігі неге байланысты?», «Экономика біздің өмірімізде», «Бос уақытыңды үнемді пайдаланасың ба?», «Үнемшілідік деген не?», «Байлықты бағалайсың ба?», «Абайдың экономика-лық тәрбиеге байланысты ойлары» атты тәрбиелік сағаттар өткізу оқушылар-ға ой тастайды, сана-сезіміне әсер етеді.
Жастарды үнемшілдiкке тәрбиелеу мәселелерi халық педагогикасында да кең көpiніс тапқан.
Мысалы мақал-мәтелдерде: Теңге тиыннан өсер, жылқы құлыннан өсер. Есепсiз дүние жоқ. Судың да сұрауы бар. Қасықтап жинағанды шөміштеп төкпе.
Халық дәстүрлерiнен мысал: қалған-құтқан қиқым маталардан құрақ құpaу, жыртылған-қысқарған көйлектерден балаларға көйлек тігу т.б.
Халық педагогикасы үлгілерін пайдалана отырып, сабақтан тыс уақыт-тарда экономикалық тәрбие беруді жолға қоюға болады.
Бақылау сұрақтары:
1. Экономикалық тәрбие дегеніміз не?
2. Экономикалық тәрбиенің міндетері.
3. Экономикалық тәрбиені ұйымдастыру формалары.
4. Экономикалық тәрбие және білім берудің жолдары.
Do'stlaringiz bilan baham: |