Өзбекстан республикасы жоғары және орта арнаулы білім беру уәзірлігі


Білім беру мекемелерінде ішкі басқарудың міндеттері


Download 1.31 Mb.
bet109/151
Sana16.01.2023
Hajmi1.31 Mb.
#1095021
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   151
Bog'liq
Педагогика - учебное пособие

4.1.4. Білім беру мекемелерінде ішкі басқарудың міндеттері.
Білім беру мекемелерінде ішкі басқарудың өзіне тән ерекшеліктері мына міндеттерде анық көрінеді:
1. Оқу-тәрбие процесін басқаруда педагогикалық талдау.
2. Мақсатты белгілеу және жоспарлау.
3. Басқаруда ұйымдастырушылық міндеттері.
4. Басқаруда ішкі бақылау және тәртіпке салу.
Оқу-тәрбие процесінің ұйымдастырылуы мен дамуына талдау жасамас-тан тұрып, алдыңғы нәтижелерді қазіргілерімен салыстырмастан тұрып, оны басқаруға болмайды.
Оқу орындарын басқарудың нәтижелі болуы жетекшінің де, оқытушы-лардың да педагогикалық талдау методикасын білуіне байланысты. Қазіргі кезде педагогикалық талдаудың үш түрі бар: параметрлік, тақырыптық, қо-рытынды.
Параметрлік талдау оқу процесінің барысы және нәтижесі туралы әр күні мағлұмат жинап, ондағы кемшіліктерді анықтауға бағытталады. Параме-трлік талдау нәтижесінде педагогикалық процеске өзгертулер мен түзетулер енгізу мүмкін. Параметрлік талдаудың предметіне оқушылардың күнделікті үлгерім және тәртібінің дәрежесі, оқу орны жетекшісінің сабаққа және са-бақтан тыс шараларғы қатысуы, мектептің санитариялық жағдайы, сабақ кестесінің сақталуы жатады
Тақырыптық талдау сабақтар және кластан тыс оқулар жүйесін үйре-нуге бағытталған. Тақырыптық талдау мазмұнына оқыту методтарын опти-малды үйлестіру, оқушыларда сапалы білім жүйесін қалыптастыру, оқыту-шылардың тәрбиелік жұмыстарды алып бару жүйесі, оқытушылардың педа-гогикалық мәдениетін көтеру бойынша жұмыстар жүйесі, оқу орнында инно-вациялық ортаны қалыптастыру бойынша педагогикалық коллективтің қыз-меті кіреді.
Қорытынды талдау оқу ширегі, жарты жылдық пен оқу жылы аяқтал-ғанда іске асырылады және жетістіктерге жету жолдарын үйренуге бағытта-лады. Қорытынды талдау үшін ақпараттар параметрлік және тақырыптық талдаулардан, күнделікті, аралық бақылау нәтижелерінен, оқытушылар мен класс жетекшілерінің есептерінен алынады.
Кез келген педагогикалық жүйені басқару мақсатты белгілеу және жос-парлаудан тұрады.
Басқару қызметінің мақсаты – жұмыстың бағыты, мазмұны, формасы жә-не методтарын айқындау. Демек, мақсат – жоспардың негізі. Басқаруда басты мақсат айқындалғаннан кейін, оған жету үшін қосымша мақсат қойылады. Оқу орнын басқару тәжірибесінде жоспарлаудың үш түрлі формасы пайдала-нылады: перспективалық, жылдық, ағымдағы.

Download 1.31 Mb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   151




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling