Басқаруда орталықтандыру және орталықсыздандыруды ұтымды үйлестіру принципі. Басқаруды артықша орталықтандыру әкімшілік бас-қаруын күшейтеді. Бұл жағдай оқытушылар мен оқушылардың талап-тілек-терін есепке алмауға, олардың босқа еңбек етуіне әкеп соғады.
Ал басқаруды орталықсыздандыру педагогикалық жүйенің қызметін босаңсытып жібереді.
Білім беру мекемелерінде ішкі басқаруды орталықтандыру және орта-лықсыздандыруды үйлестіру әкімшілік және қоғамдық басқару жетекшілері-нің қызметін коллектив мүддесіне бағыттайды және кәсіптік біліктілік дең-гейінде қаулылар қабылдауға жағдай жасайды.
Жеке билік пен алқалы (коллегиалды) басқарудың бірлігі принципі. Бұл принцип педагогикалық процесті басқаруда жеке билікке жол бермеуге бағытталады. Басқаруда оқытушылардың тәжірибесі мен біліміне сүйеніп, түрлі пікірлерді, көзқарастарды салыстырып, байыппен шешім қабылдау өте қажет. Мәселелерді алқамен бірге шешу коллектив мүшелерінің жауапкерлі-гін жоққа шығармайды.
Жеке биліктің де өзіндік ерекшеліктері бар. Ол педагогикалық процесте тәртіптің болуын, мүшелерінің өкілеттік шеңберін және оны сақтауды қамта-масыз етеді.
Қаулыны талқылауда және қабылдауда коллегиалды шешім мақұл болса, оның орындалуын қамтамасыз етуде жеке билікке бағынған жөн болады,
Білім беруді басқарудың мемлекеттік-қоғамдық сипаты осы принципті іске асыруға жағдай жасайды.
Білім беру жүйесін басқаруда ақпараттардың объективтілігі мен толықтылығы принципі. Білім беру жүйесін басқарудың тиімділігі ақпарат-тардың көп және толық болуына байланысты. Егер ақпараттар анық, толық жиналмаса, яки шектен тыс көп болса, онда қаулы қабылдауда қиындықтар туындайды.
Біз оқу-тәрбие процесінде оқушылардың үлгерімі туралы ақпараттарды жинаймыз, бірақ олардың қызығулары, мінез-құлқы, бағыты, оқу және оқу-дан тыс уақытта қалыптасуы туралы мағлұматтарды топтауға көңіл бөлмей-міз. Осының салдарынан тәрбие процесінде ауытқушылықтар кездеседі.
Оқу орындарының жетекшісі өзінің қызметі барысында менеджер мінде-тін де орындайды. Сондықтан ол қызмет дәуірінде бақылау, анкета, тест, инс-труктивтік және методикалық материалдардан пайдалана алуы да керек. Оқу орындарының әкімшілігі мектеп ішіндегі ақпаратты басқару технологиясын істеп шығып, оны оқыту процесінде пайдалануға көп көңіл бөлуі керек.
Басқару процесінде ақпараттардан тиімді пайдалану оқу орындары қыз-метінің сапасын жоғарылатады. Басқару ақпараттары белгілеріне қарай әр-түрлі болады: уақыты бойынша – күнделікті, айлық, ширектік, жылдық; бас-қару функциясы бойынша – аналитикалық, баға берушілік, конструктивтік, ұйымдастырушылық; деректің келген жері бойынша – мектепішілік, басқар-мадан, басқармадан тыс; қай мақсатта пайдалануы бойынша – директивтік, таныстырушылық, ұсынушылық.
Ақпараттық банкті қалыптастыру, одан жедел пайдалана алу технология-сы басқару ісін ғылыми ұйымдастыруды жеделдіреді.
Do'stlaringiz bilan baham: |