Өзбекстан республикасы жоғары және орта арнаулы білім беру уәзірлігі


Білім беру системасын қоғамдық басқару


Download 1.31 Mb.
bet106/151
Sana16.01.2023
Hajmi1.31 Mb.
#1095021
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   151
Bog'liq
Педагогика - учебное пособие

Білім беру системасын қоғамдық басқару деп оқытушылар, оқушы-лар, ата-аналар және жұртшылық уәкілдерінен түзілген мектеп кеңесінің мектепте қоғамдық басқаруды жүргізу қызметін айтады.
Бір жылда бір рет шақырылатын мектеп конференциясы да қоғамдық басқаруға кіреді. Конференцияда мектеп кеңесі, оның төрағасы сайланады, мектептің Уставы қабылданады.
Мемлекеттік білім беру мекемелерімен бірдей мемлекеттік болмаған бі-лім беру мекемелерінің қызмет көрсетуі де білім беру мекемелерін басқару-дың қоғамдық сипатын белгілейді.


4.1.2. Жалпы орта білім беру мектебі, академиялық лицей және кәсіптік коллеж туралы Низам, білім беру мекемелерінің Уставы – білім беру мекемелерін басқару және оған жетекшілік етудің негізгі құжаты.
Өзбекстан Республикасының «Жалпы орта білім беру туралы» Низамы Өзбекстан Республикасы Уәзірлер Мекемесінің 1998 жылғы 13-майдағы 203-санды қаулысына орай қабылданған.
Низамға сәйкес, жалпы орта білім берудің мақсаты оқушыларды мем-лекеттік білім беру стандарттары негізінде оқыту және тәрбиелеу, сондай-ақ жеке адамның білім алу құқығын амалға асыру болып саналады. Осыған орай жалпы орта білім берудің міндеттері де көрсетіледі.
Сонымен бірге, Низамда жалпы орта білім беруді ұйымдастыру және оның мазмұны, жалпы орта білім беруді басқару және қаржыландыру мен ма-териалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етілуі мәселелері де баяндалған.
Низамда жалпы орта білім берудің мазмұны міндетті және қосымша компоненттерден тұратыны көрсетілген.
Міндетті компонент мемлекеттік білім беру стандартымен белгіленеді және оқушыларды даярлаудың орта арнаулы кәсіптік білім беру мекемелерін-де білімдер негізін тағы да терең үйрену және кәсіп меңгеру үшін болған қа-жетті дәрежесін белгілейді.
Қосымша компонент оқушының қажеттіліктері мен қабілеттерінен, мектептің материалдық-техникалық және кадрлармен қамтамасыз етілуінен келіп шығып белгіленеді. Қосымша оқу көлемі Өзбекстан Республикасы Ха-лыққа білім беру уәзірлігінің Денсаулық сақтау уәзірлігімен келісілген нор-мативтеріне сай белгіленеді.
«Академиялық лицей және кәсіптік коллеж туралы» Низам Өзбекстан Республикасы Уәзірлер Мекемесінің 1998 жылғы 13-майдағы 204-санды қау-лысына орай қабылданған. Бұл Низамда төмендегі мәселелер көрініс тапқан:
1. Жалпы ережелер.
2. Орта арнаулы, кәсіптік білім берудің мақсаты, міндеттері және оны ұйымдастыру.
3. Академиялық лицей мен кәсіптік коллеждерге оқушыларды қабыл-дау. Тәлім-тәрбие процесін ұйымдастыру және оның мазмұны.
4. Педагог кадрларды даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін жетілдіру.
5. Орта арнаулы, кәсіптік білім беруді басқару.
6. Орта арнаулы, кәсіптік білім беруді қаржыландыру және оның мате-риалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етілуі.
7. Халықаралық ынтымақтастық.
Республикамызда жалпы орта білім беру мекемелері (мектебі)нің Уставы Халыққа білім беру уәзірлігінің 1998 жылы 17-декабрдегі 221-санды қаулы-сымен бекітілген. Орта арнаулы, кәсіптік білім беру мекемелерінің Уставы Өзбекстан Республикасы Уәзірлер Мекемесінің 1998 жылғы 5-январдағы 5-санды қаулысымен бекітілген.

Download 1.31 Mb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   151




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling