Өзбекстан республикасы жоғары және орта арнаулы білім беру уәзірлігі


Мектепте методикалық жұмыстар, педагог кадрларды аттестациядан өткізу


Download 1.31 Mb.
bet114/151
Sana16.01.2023
Hajmi1.31 Mb.
#1095021
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   151
Bog'liq
Педагогика - учебное пособие

4.1.6. Мектепте методикалық жұмыстар, педагог кадрларды аттестациядан өткізу.
Методикалық жұмыс мектепте өте жауапты жұмыс болып есептеледі. Мектептегі оқу-тәрбие процесiнің сапасы тек мұғалімнің білмiне, іс-әрекетіне ғана емес, методикалық жұмыстың ұйымдастырылуына, дәрежесiне де байла-нысты болады.
Методикалық жұмыстың дербес және ұжымдық түрлері бар.
I. Дербес түрі:
1. Ғылыми-методикалық, педагогикалық, психологиялық әдебиеттердi, мерзiмдiк баспасөздi оқып үйрену.
2. Творчестволық жұмыспен шұғылдану, яғни методикалық ұсыныстар, баяндамалар жасау, ғылыми-практикалық конференцияларға, «педагогика-лық оқуларға» белсендi қатысу.
3. Пән бойынша оқулықтар жазып, конкурстарға қатысу.
4. Тәжiрибелердi қорытып диссертация жазу.
II. Ұжымдық түрі:
1. Мектептін педагогикалық кеңесi. Мұнда оқыту, тәрбиелеу және бі-лім беру мәселелері қаралады. Оқытушылардың іс-әрекетін үйлестiру және оқу-тәрбие процесiн қазіргі талапқа сәйкес басқаруды қамтамасыз етумен ай-налысады.
2. Мектептің методикалық кеңесi екі айда бір өткізіледі. Онда ең қа-жетті методикалық проблемалар, ашық сабақтар, озат тәжiрибелер, мұғалім-дердің өз бетiмен білім алулары талқыланады. Ғылыми-практикалық кон-ференцияларға, «педагогикалық оқуларға» мұғалімдерді әзірлейді.
3. Мұғалімдердің методикалық пән бiрлестігі кемінде үш мұғалімнен түзіледі. Бiрлестiктің мынадай түрлерi бар: пән мұғалімдерiнің методикалық бірлестігі, бастауыш класс мұғалімдерінің бiрлестiгi, мұғалімдердің пән ара-лық бiрлестiктерi, мұғалімдердің аралық методикалық бiрлестiгi.
Методикалық бірлестiктерде сабақ өткiзу әдістері, жазба бақылау жұ-мыстарының мәтiнiн жасау, оларды өткізу тәсілдері, сабақта көрнекi құрал-дар қолдану, жаңашыл мұғалімдердің іс-тәжірибесі талқыланды және мето-дикалық мәслихаттар берiледi.
4. Класс жетекшілерiнің методикалық бірлестiгiн мектеп директоры басқарады. Бірлестікте тәрбиенi комплекстi жүргізу, балалардың творчест-восын дамыту, класс сағаттарын, конкурстар өткізу, ата-аналармен жұмыс алып бару т.б. қаралады.

Download 1.31 Mb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   151




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling