Өзбекстан республикасы жоғары және орта арнаулы білім беру уәзірлігі
Психикалық даму деңгейі тежелген және ақыл-ой дамуы жағынан артта қалған балаларды коррекциялық оқыту
Download 1.31 Mb.
|
Педагогика - учебное пособие
- Bu sahifa navigatsiya:
- – олигофренопедагогика
5.1.5. Психикалық даму деңгейі тежелген және ақыл-ой дамуы жағынан артта қалған балаларды коррекциялық оқыту.
«Психикалық даму деңгейі тежелген» түсінігі орталық нерв система-сы минимал органикалық зақымдалған яки орталық нерв жүйесінің функцио-нал жетіспеушілігі болған, сондай-ақ ұзақ уақыт әлеуметтік депривацияға түскен балаларға айтылады. Психикалық дамудың тежелуі балалар дамуы психологиялық патология-сының ең көп тараған формасы деуге болады. Бұл жағдай, әсіресе, бала оқу-ды бақшада дайындық тобында не болмаса бастауыш сыныптарда бастаған кезде жиі анықталады. Ғалымдар (өзбекстандық Г.Б.Шоумаров; россиялық К.С.Лебединская) психикалық даму деңгейі тежелуінің 4 вариантын көрсетеді: - конституционал келіп шығуы; - соматогенді келіп шығуы; - психогенді келіп шығуы; - церебралдық-органикалық келіп шығуы. Мектепке баратын психикалық дамуы тежелген балалардың өзіндік ерекшеліктері бар. Олар мектепте оқуға толық дайын емес, мектепте оқуы үшін қажет болатын дағды және іскерліктер қалыптаспаған, программа мате-риалдарын меңгеруге бейімділігі төмен. Олар арнайы жәрдемсіз есептеу, оқу және жазуды үйрене алмайды, мектептің тәртібін сақтауға қиналады. Оларда жүйкенің әлсіреуі, тез шаршау, жұмыс орындау қабілетінің төмендігі байқа-лады. Психикалық дамуы тежелген балаларды ақыл-ойы кеміс деп есептеуге болмайды. Мұндай балалардың өлеңдерді, ертегілерді есте сақтау қабілеті және танымдық белсенділігі жоғары дәрежеде дамыған. Егер бұл балалар-дың әрекеттерін ынталандырып, оларға дер кезінде педагогикалық көмек көрсетіліп отырылса, олардың потенциалды мүмкіндіктері артады. Психикалық дамуы тежелген балалар жалпы орта білім беретін мектеп-терде оқуға қиналады. Өйткені олармен индивидуал коррекциялық жұмыстар жүргізілмейді. Мұның салдарынан олар үлгірмеуші оқушыларға айналады. Бұл балалар үшін арнаулы жалпы білім беретін мектептерде немесе жалпы орта білім беретін мектептердің коррекциялық-дамытушы сыныптарында ар-найы коррекциялық-дамытушы оқуды ұйымдастыру керек. Бұл категориядағы оқушыларды коррекциялық оқыту емдеу-сауықтыру шараларымен қоса жүргізілуі керек. Оқу материалын үйрену темпі мен оқыту методтарын оқытушы психикалық дамуы тежелген балалардың даму дәреже-сіне сай етіп таңдауы керек. Сонда ғана бұлар өз бетінше оқып-үйренетін құрбы-құрдастарының қатарына жетуі мүмкін. Ақыл-ой кемістігін үйренумен байланысты мәселелер коррекциялық педагогикада (дефектологияда) ең негізгі мәселелер қатарына кіреді. Статис-тикалық мәліметтер әлемде мұндай типтегі аномал балалардың көбейіп бара жатқанын көрсетеді. Ақыл-ой дамуы жағынан артта қалған балаларды оқыту, тәрбиелеу әлеу-меттік адаптациялау мәселелерімен коррекциялық педагогиканың бір саласы – олигофренопедагогика шұғылданады. «Олигофрения» (грекше olygos - аз және phren - ақыл) терминін ғылымға XIX ғасырда атақты неміс психиатры Эмиль Крепелин енгізген. «Ақыл-ой жағынан артта қалған» деген түсінікпен бірге «кемақыл» де-ген түсінік те қолданылады. Шет елдерде бұлардың орнына «интеллектуал дамуында артта қалушылық» деген термин қолданылады. Баланың ана құрсағында, не туылу процесінде, не өмірге келген алғаш-қы дәуірінде орталық нерв жүйесінің зақымдалуы нәтижесінде ақыл-ой және психикасының жетілмей қалу формасын олигофрения деп атайды. Олигофрендікке алып келетін себептер көп. Мысалы, екіқабат кезде ана-ның инфекциялық аурулармен ауруы, ана құрсағына енген паразиттердің іш-тегі нәрестеге жұғуы, ананың кейбір созылмалы аурулармен ауруы, екіқабат кезде тиым салынған дәрілерді пайдалануы, темекі шегу, маскүнемдік, наша-қорлық, дене және психикалық жарақат алуы, қолайсыз жағдайда жұмыс істеу, т.б. Ақыл-ой жағынан артта қалғандар өзінің тобына қарай әртүрлі болады. Ең саны азы - 3 жастан кейін мидың жарақаттануы (менингит, энцефа-лит) салдарынан пайда болған ақыл-ой жағынан артта қалушылық. Бұл жағ-дайды деменция деп атайды. Деменция – бұл танымдық қабілеттердің әлсі-реуі, сезімдердің азаюы, құлықтың өзгеруі, бұрынғы тәжірибелерді пайдала-нуда қатты қиыншылыққа ұшырауы нәтижесінде тапқан кемақылдылық. Олигофрендік жағдайда ақыл-ой жағынанан артта қалушылық дефектің тереңдігіне қарай отандық дефектологияда үшке бөлінеді: дебилдік, имбе-цилдік және идиотттық. Download 1.31 Mb. Do'stlaringiz bilan baham: |
Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling
ma'muriyatiga murojaat qiling