Өзбекстан республикасы жоғары және орта арнаулы білім беру уәзірлігі
Download 1.31 Mb.
|
Педагогика - учебное пособие
Дебилдік – ақыл-ой жағынанан артта қалушылықтың ең жеңіл дәрежесі. Дебилдік саны жағынан көпшілікті құрайды. Интеллекті және эмоционал-дық-еріктік саласы төмен болғандықтан дебил балалардың жалпы орта білім беретін мектептің программасын меңгеруі қиын. Олар даму жағынан өздері-нің қатарлас құрбы-құрдастарынан едәуір атта қалады, аурушаң болады және өзіне-өзі қызмет көрсету дағдыларын кеш меңгереді. Мектеп жасына келген-де олардың сөздік қоры өте аз болады, айналасын танып білуге әрекет етпей-ді, ойнауды білмейді.
Мұндай балалар жалпы орта білім беретін мектепке келісімен матема-тика, ана тілі, оқу сияқты пәндерді игере алмайды. Көбінесе екінші жыл оқу-ға қалдырылады. Бірақ олар еңбек ету процесіне қуана-қуана қатысады. Дебил балаларда конкрет ойлау сақталған болады, сондықтан оларды коррекциялық-дамытушы мектептерде немесе жалпы орта білім беретін мек-тептердің коррекциялық-дамытушы сыныптарында арнайы коррекциялап және дамыта оқытса, мектепті бітірер кезде дені сау теңдестерінен онша айырмашылық жасамайды. Имбецилдік – ақыл-ой жағынанан артта қалушылықтың орташа дәре-жесі. Ақыл-ой жағынанан артта қалушылықтың бұл формасында мидың үлкен жарты шарының қабы зақымдалады. Мұндай бұзылу бала дамуының алғашқы дәуірінде анықталады. Бұл балалардың басын тік ұстауы, өздігінше аударылуы және отыруы өте кеш қалыптасады. Үш жастан кейін ғана жүре бастайды. Мектеп жасына жеткенде енді сөйлеуді бастаған болады. Моторлы әрекеттері кеш дамиды, сондықтан өзіне-өзі қызмет көрсете алмайды. Бұл балалардың танымдық мүмкіндіктері өте төмен болады, олар өз бе-тінше түсінікті ойлай алмайды. Бірақ оларды әлеуметтік-тұрмыстық дағды-ларға, қарым-қатынас, оқу, санау дағдыларына, қандай да бір кәсіпке үйрету мүмкін. Имбецилді балалар балалықтан мүгедек болып есептеледі. Олар өз бетінше өмір сүре алмайды, қамқорлыққа мұқтаж болады. Оларды инттелекті бұзылған балаларға арналған мектептерде оқыту керек. Мектепті бітіргеннен кейін мұндай ұл-қыздар үй жағдайында біліктілікті талап етпейтін жұмыс-тармен шұғылдануы мүмкін. Мысалы, конверттерді клейлеу, т.б. Download 1.31 Mb. Do'stlaringiz bilan baham: |
Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling
ma'muriyatiga murojaat qiling