Өзбекстан республикасы жоғары және орта арнаулы білім беру уәзірлігі
Download 1.31 Mb.
|
Педагогика - учебное пособие
- Bu sahifa navigatsiya:
- Сурдопедагогика (
Саңыраулар категориясына туылғанынан не жас шағынан саңыраулық-қа шалынған, соның нәтижесінде өз бетінше сөйлеуді меңгере алмаған бала-лар жатады. Нашар естушілер категориясына есіту қабілеті төмендеген, сонда да болса дербес сөйлеуі дамыған балалар жатады.
Саңырау, саңырау-мылқау және нашар естушілерді сөзді қабылдауына қарай ажыратуға болады. Саңырау-мылқаулар арнаулы оқыту процесінде көру (ерінді және бетті оқу) және есітіп көру (дыбыс күшейткіш аппаратура-лар) арқылы сөзді түсінеді. Ал нашар естушілер айналасындағылармен табиғи қарым-қатынас процесінде қатты дауыспен сөйлеген сөзді өз бетінше қабылдауы мүмкін. Есту қабілеті бұзылған балаларды оқыту және тәрбиелеу ерекшеліктерін сурдопедагогика қарастырады. Сурдопедагогика (грекше “surdus”- керең,) – есту мүшелері бұзылған балаларды оқыту және тәрбиелеу процесін үйренетін коррекциялық педагогиканың құрамдас бөлімі. Есту анализаторының қалыпты істеу функциясы баланың жалпы даму-ында ерекше мәнге ие. Есту анализаторы бұзылған жағдайда баланың сөй-леуіне, психологиялық дамуына зиян тиеді; танымдық қызметі толық жетіл-мей қалады. Әлемдік статистикалық мәліметтерге қарағанда, соңғы кезде балалардың есту мүшелері функцияларының жоғалуы немесе төмендеуі үз-діксіз көбейіп бара жатыр. Оған техниканың өркендеуі, техникадан (телефон, дыбыс аппаратуралары) пайдалану ережелерін балалардың өрескіл бұзуы да себеп болуда. Саңырау, саңырау-мылқау және нашар естуші балалар үшін арнаулы мектеп-интернаттар бар. Онда оларға тілдің табиғи қимылы немесе ымдап сөйлесу, методикалық белгілер немесе шартты әліппе үйретіледі. Ол дикти-логия деп аталып, қолдың және саусақтың қимылы арқылы іске асады, оны ауада жазу деп те атайды. Қазіргі күнде бұл мектептердің білім беру методи-касын қайта құру қолға алынды. Ым-ишарамен сөйлесудің орнына бірден ауызша сөйлесуге үйрету тиімді екенін ғылым дәлелдеді. Жаппай жалпы орта білім беретін мектептерде естуі шамалы төмендеген балалар оқуы мүмкін. Мұндай жағдайда оқытушы баланы алдыңғы партаға отырғызуы керек, оның сабақта берілген тапсырмаларды дұрыс түсінгенін қадағалап отыру керек. Кейде нашар еститін балалар өзімен қатарлас жақсы еститін оқушылардан да табысты оқуы мүмкін. Download 1.31 Mb. Do'stlaringiz bilan baham: |
Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling
ma'muriyatiga murojaat qiling