5.1.8. Соқыр, нашар көретін балаларды коррекциялық оқыту.
Көру анализаторлары арқылы айнала болмысты сезу, қабылдау көру деп аталады. Ми сыртқы әлем туралы ең көп мәліметті көру арқылы алады.
Баланың көру қабілетінің бұзылуы оның білім алуында, тәрбиеленуінде және дамуында аса қиындықтар туғызады.
Көру баланың тек көріп қабылдауының дамуында ғана емес, кеңістікті сезінуінің дамуында да үлкен роль ойнайды. Өйткені баланың қимыл-әрекет-тері көріп бақылауының барысында дамиды. Бала мектепте оқу процесінде әріптерді, сандарды, георграфиялық карталарды меңгеруі үшін көру-кеңіс-тіктік елестері дамуының белгілі бір деңгейін та етеді.
Балаларда көру қабілеті бұзылуының себептері әртүрлі. Баланың көру мүшесінің зақымдалуына нәсілдік аурулар, баланың ана құрсағында көру мү-шелері патологиясының болуы, жүктілік кезінде, әсіресе, іштегі нәрестенің көру мүшелері қалыптаса бастағанда ананың ауыр кеселдікке шалынуы т.б. себеп болады. Көру қабілетінің бұзылуы туа біткен немесе арттарылған болады.
Туа соқыр болу ана құрсағындағы нәрестенің зақымдалуы не ауруға шалдығуы салдарынан пайда болады. Нәсілден өтетін көрудің кейбір мүкіс-тіктері де туа соқырлыққа алып келеді.
Арттырылған соқырлық, әдетте, көру мүшелерінің – көз торының, көздің мөлдір қабығының ауруға шалдығуы, орталық нерв жүйесінің ауруы, мидың жарақаттануы негізінде пайда болуы мүмкін.
Көру қабілеті бұзылған балаларды мынадай топтарға бөледі: 1) туа со-қырлар, 2) ерте соқыр болғандар, 3) үш жастан кейін көз жанарынан айрыл-ғандар (соқыр болғандар).
Балалардағы көру қабілетінің бұзылу дәрежесі әртүрлі болады. Соған орай олар үш категорияға бөлінеді.
Бірінші категориядағы балаларға көру мүшелерінің туа өзгеруі нәти-жесінде толық соқырлық пайда болғандар жатады.
Соқырлар – бұлар көру сезімдері жоқ, тек жарықты сезетін яки көру қалдықтары бар көру қабілеті бұзылған жандар. Бұл балалар соқыр балаларға арналған мектепте сипап сезу (Брайль системасы) арқылы оқуы керек. Сонда ғана көру қалдықтарын сақтап қалу мүмкін.
Do'stlaringiz bilan baham: |