5.1.7. Тілі мүкіс балаларды коррекциялық оқыту.
Сөйлеу – тек адамға ғана тән маңызды психикалық функция. Сөздік қа-рым-қатынас арқылы адамның санасында әлемнің көрінісі туралы түсініктер толып, байып барады. Сонымен, сөйлеу адамдардың бір-бірімен қарым-қаты-насында маңызды орын иелейді.
Сөйлеудің бұзылуын үйрену, оның алдын алу және оны коррекциялау мәселесімен коррекциялық педагогиканың логопедия саласы айналысады. Логопедия (грекше logos – сөз и paideia – тәрбие) – бұл балалардың сөйлеу кемістіктерін түзететін ғылым. Сөйлеу қабілеті бұзылған балаларды арнайы ұйымдастырылған коррекциялық-логопедтік қызмет арқылы түзету мүмкін.
Баланың сөйлеу қабілетінің бұзылуына сыртқы және ішкі факторлар әсер етеді. Инфекция, жарақат, интоксикация, т.б. баланың орталық нерв жүйесіне жағымсыз әсер етіп, оның сөйлеуі бұзылады. Сондай-ақ бала дүние-ге келер кезде акушерлік жәрдемнің дұрыс болмауы; шала туылу; ана мен баланың қан резурстарының сыйыспауы; маскүнемдік; нашақорлық; кіндік-тің мойынға оралып қалуы сияқты жағдайлар баланың сөйлеу органдарының бұзылуына әкеледі. Тілі мүкістік балаға нәсіл арқылы да өтуі мүмкін. Бала организмінің түрлі ауруларға шалдығуы оның жан-жақты жетілуіне, әсіресе, сөйлеуінің дамуына кері әсер етеді. Жанұяда екі немесе көп тілде сөйлесу, педагогикалық қараусыз қалу, айналасындағылардың дефектпен сөйлеуі де баланың сөйлеуінің дамуына кедергі келтіреді.
Қазіргі заманда логопедияда сөйлеудің бұзылуы екі топқа бөлінеді:
1) клиникалық-психологиялық;
2) психологиялық-педагогикалық.
Клиникалық-психологиялық топқа кіретін сөйлеудің бұзылу түрлерін үлкен екі топқа бөліп қарастырады: ауызша сөйлеудің бұзылуы және жаз-баша сөйлеудің бұзылуы.
Ауызша сөйлеудің бұзылуы екі түрге бөлінеді:
1) сөйлеудің фонациондық көрінісінің бұзылуы – дисфония, брадиламия, тахиламия, тұтығу, дислалия, ринолалия, дизартия;
2) сөйлеудің құрылымдық-семантикалық көрінісінің бұзылуы – алалия, афазия.
Do'stlaringiz bilan baham: |