Өзбекстан республикасы жоғары және орта арнаулы білім беру уәзірлігі


Саңырау, саңырау-мылқау балаларды коррекциялық оқыту


Download 1.31 Mb.
bet125/151
Sana16.01.2023
Hajmi1.31 Mb.
#1095021
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   151
Bog'liq
Педагогика - учебное пособие

5.1.6. Саңырау, саңырау-мылқау балаларды коррекциялық оқыту.
Аномал балалар арасында есту қабілетінде түрлі дәрежедегі кемістік болған балалар көпшілікті құрайды. Есту – айналадағы болмыстың дыбыстық құбылыстар қалпында сипатталуы. Адам есту органы немесе дыбыстық ана-лизаторлары арқылы қабылдау және оны ажырата алу қабілетіне ие.
Естудің бұзылуы түрлі дәрежеде үлкендерде де, жас балаларда да көп кездеседі. Орта құлаққа суық тию, құлықтың тығылуы, сыртқы және орта құлақтың қалыпты түзілмеуі, құлақтың қабынуы сияқты жағдайларда құлақ-тың есту функциясы бұзылады. Мұндай жағдайдағы естудің бұзылуын кон-дуктивті деп атайды. Мұны қазіргі заман медицинасы консерватиті жолмен де, оперативті жолмен де түзете алады. Емнің нәтижесінде есту қалпына келеді.
Ішкі құлақтың зақымдалуына байланысты есту қабілетінің бұзылуын ке-реңдік және саңыраулық деп атайды. Керең және саңырау адамдардың есту қабілетін қалпына келтіруге медицинаның пәрмені жетпейді.
Саңыраулық – бұл есту қабілетінің мүлде жоқтығы яки төмендеп кетуі-нің жоғары дәрежесі болып, сөйлеуге байланысты нерв орталықтар сау бол-ғанымен, мұндайда сөзді түсіну мүмкін емес. Осындай жағдайда бала өз бе-тінше тілді, сөйлеуді игере алмайды және құлағына өте жақыннан сөйлегенде де сөзді түсінбейді. Дегенмен, өте жоғары сөзсіз дыбыстарды, жақын қашық-тықтан сөйлегенде кейбір дыбыстарды қабылдауға мүмкіндік беретін есту қабілетінің қалдықтары сақталынып қалады.
Кереңдік (құлағы мүкістік) – бұл есту қабілетінің төмендеп кетуі (80 децибелден төмен), болып, сөзді түсінуде қиыншылық туады. Керең бала есту қабілетінің қалдықтары негізінде құлағына жақыннан тұрып сөйлеген сөзді түсіне алады.
Саңыру-мылқаулық – туылғанынан немесе балалықтың ерте кезінде арттырылған сөз сөйлеуді меңгере алмайтын саңыраулық яки есту қабілеті жоғалу барысында сөйлеуінің де жоғалуы.
Естудің бұзылуына жұқпалы аурулар, улану, механикалық, акустикалық, контузиялық жарақаттар себеп болады. Жас баладағы естудің бұзылуына құрсақ көтерген әйелдің жүктіліктің бастапқы кезінде жұқпалы аурулармен ауруы, спиртті және наркотикалық заттарды пайдалануы, антибиотиктерді шектен тыс қолдануы; баланың шала туылуы; нәсілдік аурулар себеп болуы мүмкін.
Отандық сурдопедагогикада құлағы естімейтін балаларды екі негізгі топқа бөледі: саңырау және нашар естушілер.

Download 1.31 Mb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   151




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling