Өзбекстан республикасы жоғары және орта арнаулы білім беру уәзірлігі
Download 1.31 Mb.
|
Педагогика - учебное пособие
Идиоттық – ақыл-ой жағынанан артта қалушылықтың ең ауыр және те-рең дәрежесі. Идиот балалар айналаны түсінуге қабілетсіз болады, олардың сөйлеу функциясы шектелген, кейбір дыбыстарды мүлде айта алмайды. Қоз-ғалыс әрекеттері, қимылдарының үйлесімі, кеңістіктік бағыт алуы қатты бұ-зылған болады. Мұндай патологиядағы балалар жатқан қалыпта өмір сүреді. Өзіне-өзі қызмет ету дағдыларының элементтері өте қиыншылықпен қалып-тасады.
Идиот болса да, бұл балалар дамуға қабілеті бар. Олар өзіне қызмет ету-ді үйренуі, қарым-қатынас дағдыларын игеруі, айнала туралы өзінің түсінік-терін кеңейтуі мұмкін. Бұл категориядағы балалар негізінен Әлеуметтік қам-сыздандыру уәзірлігі системасына қарайтын арнаулы мекемелерде 18 жасқа дейін болады. Одан кейін хрониктер (созылмалы аурулар) үшін ашылған арнаулы интернаттарға өткізіледі. Ақыл-ой дамуы жағынанан артта қалушылық өзгертуге болмайтын құ-былыс деп саналғанымен, оны коррекциялауға болады. Көптеген зерттеуші-лер арнаулы мекемелер жағдайында дұрыс ұйымдастырыған дәрігерлік-педа-гогикалық әрекет арқылы ақыл-ойы кеміс балалардың дамуында оң өзгеріс-тер байқалатынын айтып жүр. Ақыл-ой дамуы жағынанан артта қалған балалармен коррекциялық жұ-мысты қанша ерте бастаса, соншалықты максимал дәрежеде дефекті түзетуге және қосымша ауытқуларды болдырмауға болады. Ақыл-ой жағынан артта қалушылықты дер кезінде психологиялық-педагогикалық диагностикалау өте қажет. Ақыл-ой дамуы жағынанан артта қалған балалар жас кезінен жанұяда яки денсаулық сақтау системасына қарайтын арнаулы яслилерде тәрбиеле-неді. Мектепке дейінгі жастағы мұндай балалармен коррекциялық жұмыстар арнаулы балалар бақшаларында алып барылады. Егер бұл балалар жалпыға бірдей балабақшаларға барса, онда арнаулы программамен оқытылуы тиіс. Мектеп жасындағы ақыл-ой дамуы жағынан артта қалған балалар арнау-лы мектептерде оқытылады. Ол жерде оқыту мемлекеттік білім беру стан-дарты негізінде түзілген арнаулы программа бойынша алып барылады. Мұн-дай мектептерде жалпы орта білім пәндерімен (ана тілі, оқу, математика, гео-графия, тарих т.б) бірге арнаулы пәндер де оқытылады. Арнаулы мектептер-де еңбек сабағына айрықша көңіл бөледі. Еңбек пәні 4-сыныптан бастап про-фессионалдық сипат алады. Бұл сабақта оқушылар өздеріне лайық кәсіпті меңгереді. Мұндай мектептің штатында оқытушы-олигофренопедагог, кәсіп-тік еңбек оқытушысы, логопед, тәрбиешілер, медицина қызметкерлері, жәр-демші қызметшілер болады. Кейде ақыл-ой дамуы бұзылған балалар жаппай жалпы орта білім бере-тін мектептерге келеді. Бұл мектептер ақыл-ойы кеміс балаларды оқытуға дайын болуы керек. Оларға айрықша көңіл бөліп, балалардың келемеждеуіне жол бермеуі керек. Оқуы үшін жағдай жаратып, бұл балаларға ата-анасының, олигофренопедагогтардың тұрақты көмек беруін қадағалап отыруы керек. Download 1.31 Mb. Do'stlaringiz bilan baham: |
Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling
ma'muriyatiga murojaat qiling