Өзбекстан республикасы жоғары және орта арнаулы білім беру уәзірлігі


Download 1.31 Mb.
bet120/151
Sana16.01.2023
Hajmi1.31 Mb.
#1095021
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   151
Bog'liq
Педагогика - учебное пособие

Гуманистік принцип. Бұл әрбір бала үшін өз қабілеттерін максимал дәрежеде дамыта алатын жағдайларды өз уақытында жасаудан құралып, ол баланы бірізді және жан-жақты үйрену, оның жолында ұшырайтын қиыншы-лықтарды жою жолдары және құралдарын іздеуді талап етеді.

  • Балаларды кешенді үйрену принципі. Ол балаға диагноз қоюда қажетті мамандықтар (медицинлық, дефектологиялық, психологиялық және педагогикалық) бойынша алынған мәліметтерге сүйенуді талап етеді. Егер дәрігер, дефектолог, психолог және педагогтардың пікірлері әртүрлі болса, бала қайта тексеруден өткізіледі.

  • Баланы жан-жақты және тұтас үйрену принципі. Бұл баланың та-нымдық, эмоционалды-ерікті жақтары мен әдебін, денесінің жағдайын тексе-руді көздейді. Мұнда баланың дамуына сезілерлі әсер етуі мүмкін болған дене мүмкіндіктері де есепке алынады. Тұтас үйрену дегенде бала туралы алынған барлық мәліметтерді міндетті түрде салыстыру түсініледі. Баланы оқу, ойын және еңбек процесінде үйренсе, онда оны жан-жақты және тұтас үйрену нәтижелі болады.

  • Баланы динамикалық үйрену принципі. Осы принцип бойынша баланы тексеру барысында оның білетін және орындай алатындарын ғана ескеру керек емес, оның оқудағы мүмкіндіктерін де есепке алу керек. Бұл принциптің негізінде Л.С.Выготскийдің баланың «жақыннан даму зонасы», олардың оқудағы потенциал мүмкіндіктері туралы ілімі жатады.

  • Сапалық және сан жағынан қатынаста болу принципі. Бұл прин-цип бала орындаған тапсырманы бағалауда қорытынды нәтижені ғана емес, тапсырманы орындау үшін таңдаған жолының ұтымдылығын, әрекеттердің қисынды тізбектелгендігін, мақсатқа жетудегі жігерлілігі пен қайраттылығын да есепке алу керектігін көрсетеді.

  • Белгілі бір патологиядағы балаларды басқа балалар тобынан ажырату принципі. Бұл принцип әрбір арнаулы мекемелерге қабылдаудың өзіндік ерекше ережесі болуын талап етеді.

  • Дамуындағы ауытқулардың қиындық дәрежесі бойынша диффе-ренцияланған оқыту принципі. Бұл принципке сай дамуында біртүрлі ауытқулары бар, бірақ қиындық дәрежесі әртүрлі болса, онда олар бөлек оқы-тылады. Өйткені оларды оқыту методикасында өзгешеліктер бар. Мысалы, соқыр балалар Брайль методымен оқытылады, нашар көретін балалар көру негізінде оқытылады.


  • Download 1.31 Mb.

    Do'stlaringiz bilan baham:
  • 1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   151




    Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
    ma'muriyatiga murojaat qiling